Жаңалықтар
2021 жылы 30 қазанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығаны арналған, Тәуелсіздік идеясын ХХ ғасырдың басында бастаған Алаш арыстарының рухына тағзым етті
- Қаралды: 524
2021 жылы 30 қазанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығаны арналған, Тәуелсіздік идеясын ХХ ғасырдың басында бастаған Алаш арыстарының рухына тағзым етіп, олардың қазіргі қазақ ұлты алдында мәңгі жадында қалатын естеріне саяси баға беріп белгілі ел жанашыры, қоғам қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы - Бекет Тұрғараұлы «Мәңгілік Ел» тарихи-мәдени кешенінде қазақ зиялыларымен бірге «Алаш арыстары» ескерткішін ашты.
- Мемлекет басшысы – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында - Алаштың, «Алаш» партиясының қайраткерлері, ғасырда бір туар тұлғалары, азаттық идеясы үшін күресіп, Тәуелсіздік туын тігуді арман тұтып, елі мен жеріне жасаған өшпес қызметінде құрбан болған асыл азаматтарды еске алуға арналып Еліміздің зерттеуші-зерделеуші, зиялы қауымын, бір қатар аймақтарынан қоғам қайраткерлерін, жоғарғы оқу орындарының профессорлары, академиктерді, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Парламентінен депуттарын жинады.
- Қоғам қайраткері - Қуаныш Айтаханов «Алаш арыстары» ескерткіштің жоғары деңгейде жасалғанын және еліміздің рухани жаңғырудың белгісі және ел-жұрттың рухын дүрсілдеткен монумент екенін атап өтті. Академик – Дихан Қамзабекұлы – мерейлі белес елдің бірлікте болғаны және бірліктегі ұранның нышаны Алаш қайраткерлеріне тағзым ету, тарихи маңыздылығын сақтау өскелең ұрпаққа дәріптеу деп өз сөзінде ақтылады.
- Сонымен қатар, осы «Анаға тағзым» атты және «Қажымұқан Мұнайтпасұлына» арналған ескерткіштер ашылды. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, академик – Дария Қожамжарова «Анаға тағзым» ескерткішіне арнап, зиялылардың алдында - «зұлмат жылдары, соғыс жылдары әкесін, жарын, ағасын жол үстінде күтіп тұрған ана қашанда үйдің, елдің берекісі, бақыты, бейбітшілікті тілеп отырған жаңға басын иіп гүл шоғын қойды.
- Қазақстаннан келген белгілі тарихшылар және қоғам қайраткерлерімен Әуезов университетінің «Тарих және мұражай ісі», «Қазақстан тарихы» кафедралары мен «Тарих және этнология» ғылыми орталығының ғалымдары тікелей сұхбаттасып, «Алаш» идесын бастаған тұлғаларды терең зерттеулерімен айналысу, ашылған ескерткіштердің ғылым және тәрбие саласында тарихи-мәдени рөлін атап, жас ғалымдарды осы бағытта жұмыстарды жалғасытыратындарын атап өтті.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз