Жаңалықтар
НОБЕЛЬ-фест 1 күн
- Қаралды: 724
НОБЕЛЬ-фест 1 күн
Nobel Fest басталды! "Болашақ бүгін" Нобель фестивалі үшінші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Әлеуметтік желілердегі пікірталас алаңына Нобель сыйлығының лауреаттары, экономика, білім беру, экология саласындағы әлемдік сарапшылар жиналды. Фестивальге 200 университеттің өкілдері қатысады, олардың кейбіреулері жыл сайын осы шараны қолдайды.
"Үшінші жыл қатарынан М. Әуезов атындағы ОҚУ іс-шараның серіктесі. Біз алғаш бастаған кезде көрермендер мен қатысушылар саны 10 мың адам болса, қазір – 70 мың қатысушы. Nobel Fest Қазақстанның мақтанышы және ғылыми ақыл - ойды біріктірген ұлттық көшбасшылықтың үлгісі болды", - деді құттықтау сөзінде ОҚУ ректоры Дария Қожамжарова.
Фестивальдің ашылу салтанатында барлық спикерлер белгілі зерттеушілер мен жас ғалымдардың, студенттердің күштерін біріктірудің маңыздылығы туралы айтты. Олар дәл осы шығармашылық және білімді студенттер таяу жылдары кез келген елдегі басты ресурс болатынына сенімді.
"Фестиваль көрнекті ғалымдарды, экономика мен бизнес өкілдерін біріктіреді. Бұл мәдениетаралық диалогтың мысалы. Бұл студенттерге және жоғары оқу орындарының педагогикалық құрамына заманауи технологиялар туралы соңғы ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Дәл осы білім кез келген елдің болашақ дамуын біріктіреді, яғни білімді адамдар елдің басты ресурстары болады", - деді Әзірбайжан Республикасы Білім Министрінің орынбасары Фирудин Гурбанов.
Нобель фестивалінің құндылығына бизнес-орта өкілдері де көз жеткізді. Ірі компаниялар қаржылық қолдау көрсетіп қана қоймай, жаңа бастаған кәсіпкерлерді тарта алатын өз бағдарламаларын ұсынады.
"Біздің компаниямыздың спикерлері әйелдер көшбасшылығы, болашақ мамандығының дағдылары, компанияның климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі мақсаттары туралы пікірлесетін болады. Біздің компания жастар бренді болып қалады және жастарды қолдау компанияның тұрақты даму стратегиясында жетекші орындардың бірін алады. Осындай бағдарламалардың бірі - университет студенттеріне жұмыс ортасына дайындалуға және мансапты сәтті дамыту үшін қажетті дағдылар туралы білуге көмектесетін болашақ көшбасшыларға арналған семинарлар"-деді Coca-Cola компаниясының корпоративтік байланыстар және коммуникациялар жөніндегі өңірлік менеджері Александра Аккирман. Фестиваль 4 күн өтеді. Түрлі бағыттар бойынша ашық сессиялар жоспарлануда.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз