Жаңалықтар
Латын әліпбиіне көшу-уақыт талабы
- Қаралды: 492
15.09.2017 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның мәжіліс залында «Латын әліпбиіне өту-уақыт талабы» атты іс-шара болып өтті. Іс-шараны университет ректоры, профессор, ҚР ҰҒА Академигі, т.ғ.д Ж.Ү.Мырхалыков ашты. Өз сөзінде латын әліпбиіне өту Еуропа мемлекеттерінен ғылым мен техниканың алдынғы қатарлы мәліметтерін алуға мүмкіндік береді. Сонымен Облыс әкімі аппаратының орынбасары «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жобасы кеңсесінің жетекшісі Б.А.Әшірбаев сөз алып, латын әліпбиі негізгі тілді өзгертпейтіндігін, сонымен қатар киррилицамен қатар жүре беретіндігіне тоқталды. Кейбір ТМД мемлекеттері латын әліпбиіне өту барысында жеткен жетістіктеріне көңілдері толып, көптеген нәтижелерге жетуде. Латын әліпбиіне өту біздердің баршамызға ерекше жаңа кезең болып табылады. Осы тақырыб бойынша ОҚО ішкі саясат басқармасының басшысының орынбасары М.Б.Әліпов, М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты А.Б.Қалшабеков, М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Филология» факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор Б.М.Тілеубердиев, Шетел студенттерімен жұмыс жасау факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы С.Н.Әлібектер өз пікірлерін, ойларын білдіріп қолдады.