Жаңалықтар
«Жастар- отанға!»
- Қаралды: 500
2015 жылдың 25 - 27 қыркүйек күндері аралығында Төлеби ауданы, Біркөлік шатқалында орналасқан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының "Бәйшешек" спорттық-сауықтыру кешенінде облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен "Жас Отан" жастар қанатының ұйымдастыруымен "Жастар Отанға!" саяси лагері өтті.
Саяси лагерге М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 20-ға жуық белсінділері және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, жастар ұйымдарының белсенділері, жалпы 200-ге жуық жас қатысты.
«Лидерлік туралы жалпы түсінік, лидерлік қабілетті дамыту, жобалық менеджмент, командалық менеджмент» бағытында саяси лагер қатысушыларына арнайы практикалық семинар-тренингтері ұйымдастырылды.