Жаңалықтар
Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен қатар өткізілетін Қазақстан халқы тілдері күніне орай «ТІЛ - ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өткізді.
- Қаралды: 624
2021 жылы 6 қыркүйекте М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы қазақтың әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен қатар өткізілетін Қазақстан халқы тілдері күніне орай «ТІЛ - ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелді Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Сакен Абжаппар Сакенұлы ашып, сәттілік тілеп, Шымкент қаласының тұрғындары арасында тілдің даму қарқынымен дамыту жоспарларымен таныстырды. Келешекте Шымкент әкімдігімен бірлесе өткізілетін Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының қарсаңында «Тіл Тәуелсіздік тірегі» атты республикалық конференцияға бірегей қатысуға шақырды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының ішікі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ «Қоғамдық көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру» бөлімінің басшысы Исаева Азиза Омарбекқызы қатысып, этномәдени бірлестіктермен бірге өзге этностар арасында тілдерді дамытуға байланысты көптеген байқаулар өткізіп, оның ішінде 3 қыркүйек күні «Тәуелсіздік - басты құндылығымыз!» атты республикалық диктантын өткізгені туралы есебін айтты.
Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» қалалық бөлімінің меңгерушісі Оралбаева Зәуре Абдухамитқызы қатысып, бүгінгі жас ұрпақ – мемлекеттің болашағы, ертеңгі күннің азаматы, ал оның бақытқа жетер даңғыл жолы - туған Отанын, туған тілін сүюден басталады деп, Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлттық бірегейлікті сақтау» басымдығын іске асыру және 2021 жылы 1 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - Ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы бойынша еліміздің әрбір азаматы өзінің ана тілін қадірлеп, қастерлеуі, өз ана тілінде сөйлеуі қажет деп өз сөзінде нақтылады.
«Тіл дамыту орталығының» басшысы Жамантаева Ақтолқын Әлиярбекқызы Әуезов университеті де осы бағытта жасап жатқан жұмыстары туралы айтып, Елбасы Н.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында үштілділікті меңгеру – заман талабы және кәсіби машықтану деңгейіне үлкен ықпал ететінін айта келе тілдерді дамыту курстарына жастар мен қала тұрғындарын қатысуға шақырды. «Филология» факультетінің деканы - Ыбырайым Әзімхан Оразбайұлы Қазақ тарихында ерекше орын алған Ұлы тұлғалар Ахмет Байтұрсыновтың және Құдайберген Жұбановтың қазақ тілінің негізін қалаушылар екендігін атап өтіп және даму тарихы туралы тың мәлімет беріп өтті. Беспаев Ақан Сәбитұлы – «Ақиқат» пікір сайыс орталығының төрағасы жастар арасында тілдің шұбарлануы және оны үлкен өзекті мәселеге айналып бара жатқандығы туралы ой көтеріп, жастарды ана тілімізді қадірлеу мен қастерлеу өз қолымызда екені және Тәуелсіздіктің жастарына құндылықтарымызды құлдыратпауымыз жөнінде үн тастады.
Дөңгелек үстел барысында модератор «Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының басшысы – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, өлкетанушы Жанысбекова Гүлнар Әмірбайқызы университетіміздің мекен жайы да Шымкент қаласының Ахмет Байтұрсынов көшесінің қиылысында орналасқанын көпшілік қауымға айта келе, ерекше мағлұмат беріп, дөңгелек үстелді тәмамды. Сонымен қатар, орталықтан респулика деңгейнде жұмыс жасайтын «Қазақтану» республикалық ғылыми журналының тілдердің даму тарихы мен лингвистика саласында оқытушы-профессорлардың ғылыми зерттеулерін жарияланатыны туралы, ал жасөспірімдер арасында, яғни мектеп және орта арнаулы білім ордаларымен жұмыс жасап отырған «МИРАС» рухани жаңғыру Академиясының «Тілтану» бөлек секциясының қарқынды жұмысын нақтылады.
Іс-шараның бақылаушы координаторлары:
«Рухани жаңғыру және ҚХА» орталығының бас менеджері - Торгаутова Шолпан Аширалиевна
«Рухани жаңғыру және ҚХА» орталығының бас маманы - Утеева Камшат Құрманбайқызы
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз