Жаңалықтар
2021 жылдың 25 маусым күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Заң факультеті Шымкент қаласының сот, прокуратура және құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен «Құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасындағы өкілеттіктер м
- Қаралды: 1160
2021 жылдың 25 маусым күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Заң факультеті Шымкент қаласының сот, прокуратура және құқық қорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен «Құқық қорғау органдары, прокуратура және сот арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершілік аймақтарының аражігін ажырата отырып, үш буынды модельді енгізу тұжырымдамасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткілді.
Іс-шараға Шымкент қаласының прокуратурасы, сот, Полиция департаменті, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеулер Департаментінің өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс – қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде қылмыстық қудалау органдары, прокуратура және сот арасында өкілеттіктерді сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында нақты бөліп, үш буынды модельді енгізе отырып, ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы) дамыған елдерінің үлгісі бойынша қылмыстық саланы жаңғырту мәселелерін қарастыру.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз