Жаңалықтар
2021 жылы 26 сәуірде М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының ұйымдастыруымен «ШЫМКЕНТ: МЫҢЖЫЛДЫҚТАР ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» атты рухани жаңғыру апталық форумы ашылды.
- Қаралды: 914
2021 жылы 26 сәуірде М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Рухани жаңғыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығының ұйымдастыруымен «ШЫМКЕНТ: МЫҢЖЫЛДЫҚТАР ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» атты рухани жаңғыру апталық форумы ашылды.
26 сәуір күні рухани жаңғыру апталық форумының І күнінде «ШЫМКЕНТ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ДАМУ КӨКЖИЕГІ» атты халықаралық деңгейде ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.
Конференцияның басты назарында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлттық бірегейлікті сақтау» басымдығы, «Туған жер», «Қазақстанның сакралды географиясы» арнайы жобаларының іске асыру. 2019 жылы қыркүйек айында Шымкент қаласындағы іс-сапарында мегаполистің болашағын пайымдаған қаланың «...дамуы Қазақстанның өркендеуі үшін қажет. Келешекте мемлекеттер мен халықтар арасындағы бәсеке ірі қалалар арасында жүреді. Қалаларда заманауи технологияларды меңгерген адами капитал шоғырланатынын білесіздер. Қаланы дамытудың жаңа стратегиясы, осы өңірде ірі өнеркәсіптік, инновациялық, туристік, сауда және логистикалық орталық қалыптастыруға бағытталуы қажет», - деп нақтылаған сөзі негізінде Шымкент қаласының Орталық Азияның орталығына айналуы ортақ мүдде екенін пайымдай отырып, сонымен қатар 2021 жылы 5 қаңтардағы Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен де қымбат» атты мақаласында жаңа сипаттағы Қазақстанның академиялық үлгідегі жаңа тарихын жазуды дереу бастауға берілген тапсырмасын іске асыру үшін 2200 жылдық тарихы бар Шымкент қаласының дамуының барлық кезеңдері мен бағыттарын қамтыған ауқымды зерттеу еңбектерінің жинағын жарыққа шығару болды. 2200 жылдан астам тарихы бар Шымкент «уақыт толқынында» тағдарлы талайлы кезеңдерді бастан кешіре отырып, өз дамуында протоқала, бекіністік мекен, Ұлы Жібек Жолының сауда бекеті, уездік қала, губерниялық қала, облыс орталығы секілді деңгейлерге қол жеткізіп ХХІ ғасырда Қазақстанның 3-ші қаласы – мегаполис деңгейіне де жетіп, қарқынды дамуы өсуде.
Конференция Пленарлық мәжілісінде Шымкенттің 2200 жылдық тарихы мен бүгінгі күндегі тынысын терең ғылыми зерттеу негізінде қаланың алғаш рет пайда болуы мен қалыптасуына және әртүрлі тарихи кезеңдердегі саяси-экономикалық, мәдени, демографиялық дамуына ретроспективалық экскурс жасалды; Шымкент мегаполисінің қазіргі таңда экономикалық перспективалық бағыттарын дамытуға мүмкіндік беретін салалардың дамуына талданда; мегаполисті туристерге танымал ету, қаланың дербес келбеті мен сәулетін ілгерілету үшін зерттеулер мен жобалар жасалынды; мегаполистің ХХІ ғасырдағы ғылымы, білім беру салаларының, инфрақұрылымының, халықаралық қатынастары мен туристік кластер, өнеркәсібінің дамуын нығайту мәселелері қарастырылды және қатысушылар оның ішінде өз еңбектерімен:
- - Шымкент қаласының «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының «Білім және ғылымды дамыту» жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің оқу және оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректоры - Исабек Баршагүл Қашқынқызы;
- «Nur Otan» партиясы жанындағы экономикалық даму және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңесінің мүшесі, Шымкент қаласы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы - Созакбаева Эльмира Раимбекқызы;
- Шымкент қаласының «Жас Отан» жастар қанатының төраға орынбасары – Мажит Фариза Ансарқызы;
- Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы – Оралбаева Зауре Абдухамитқызы;
- Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің директоры - Амангельдиева Айпар Шажалықызы;
- Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер Басқармасының әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры - Дүйсебаев Дәурен Әуелханұлы;
- Түркия, Анкара қаласынан Шымкент қаласының халықаралық деңгейдегі байланыстары туралы арнайы шақырылған қонақ Южел Геличли Гази университетінің «Педагогика бағытындағы білім беру» институтының директоры ауқымды баяндамасында көрсетті.
- Silkway халықаралық университетінің «Қазақстанның қазіргі заман тарихы және географиясы» профессоры, тарих ғылымдарының докторы - Найманбаев Бекмұрат Рахымбердіұлы;
Шымкент қаланың ХХІ ғасырдағы өнеркәсіп және ауыл-шаруашылығы, экономика және туризм саласының дамуында жұмыс жасап отырған «БАЛ ТЕКСТИЛЬ» кілем фабрикасының директор орынбасары – Огуз Дурру; Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының ғылыми хатшысы - Әжібеков Бақытжан Аманханұлы; «SHYMKENT TOURISM CENTER» директор орынбасары – Умаров Ерлан Суюндикович; Шымкент қалалық этномәдени бірлестіктерінің атынан Түркі этномәдени орталықтың басшысы – Асанов Латифша Қаймаханұлы қатысты.
Конференция барысында негізгі пікір алмасу алаңдарындағы кең түрде ғылыми талдау жұмысына Шымкенттің тарихы мен дамуына үлес қосып отырғаны туралы көпшілік қауымға жеткізіп, өз зерттеулерімен және нақты практика жүзінде іске асырылғаны туралы М.Әуезов Оңтүстік Қазақстан университетінің ғалымдары мен ізденушілерілеріде қатысты және конференцияның қалалар тарихын зерттеудің әдіснамасы, деректану және тарихнамасы; 22200 жылдық Шымкент: қалыптасуы мен тарихи кезендері; Қазақстанның құнды адами капиталын дамыту – сапалы білім, тәрбие және серпінді ғылым; Шымкент мегаполисі инновациялық кәсіпкерлік алаңшасы: техникалық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы атты секцияларында – Жанысбекова Г.А., Мусаева С.Т., Джалилов А.М., Юсупов А.Н., Садыков Ж.Ж., Шабанов Е.Ю., Уразбаева К.А., Пернебеков С.С., Изтлеуов Ғ.М. өз баяндамаларында таныстырды.
Конференция жұмысының маңыздылығын жоғары деңгейде өткені туралы қатысушылар өз пікірлерін жеткізді.Ал ұйымдастырушы комитет атынан барлық спикерлермен қатысушыларға онлайн жүйеде конференцияның материалдар жинағы таратылып, Алхыс хаттарымен марапатталды.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз