Жаңалықтар
«PMI® PMBOK® Guide Sixth Edition» стандарты негізінде жобаларды басқару тәжірибесі» тақырыбындағы оқу-тренинг семинары
- Қаралды: 348
2020 жылы қарашаның 24-і мен 26-ы мерзімі аралығында университет базасында Қазақстан Республикасы Жобалық менеджерлері одағының «PMI® PMBOK® Guide Sixth Edition стандарты негізінде жобаларды басқару тәжірибесі» оқу-тренинг семинары ұйымдастырылды.
Семинардың міндеттері:
- нақты жұмыс барысында практикалық қолданыстағы PMI® PMBOK ® sixth 6th Edition заманауи халықаралық стандартының негізінде жобаларды басқару моделін құрастыру;
- жобалық басқару бойынша жобаның басшысы мен оның мүшелері үшін күнделікті қажетті ақпараттар мен білімді жүйелі ұсыну;
- кәсіби даму кезеңінде жобаларды басқару бойынша бірыңғай сөздік қоры мен дағдылардың, тұжырымдамалардың қажетті негіздерін құру.
Оқу-тренинг семинарына университет ректоры Д.П.Кожамжарова, проректорлар, департамент директорлары қатысты. ҚР ЖМО коммерциялық департаментінің директоры Дюсембаева Айда және тренер коуч Викуловская Алия өз кезегінде қатысушыларды мынадай мәселелермен таныстырды:
- PMI® РМВОК ® Guide 6 басылым стандарттарының білім аясының және үдерістерінің топтарымен;
- нақты оқу жобаларындағы жобалық басқару әдістері мен құралдарын практикалық пайдалануды;
- практикалық тапсырмаларды орындау кезеңінде стандарттарды қолдану дағдыларын нығайтуды.
Тренингтің қорытынды нәтижелері бойынша тыңдаушылар сертификат алып, PMI® PMP® (Project Manager Professional) дәрежесі бойынша емтихан тапсыру рұқсатына ие болды.