Құрметті М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің қызметкерлері мен студенттері! Біздің университет биылғы жылы алғаш рет UI Green Metric World University Rankings университеттерінің Бүкіләлемдік рейтингісіне қатысып, әлемнің үздік 500 ЖОО

Құрметті М. Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан университетінің қызметкерлері мен студенттері!

 

        Біздің университет биылғы жылы алғаш рет UI Green Metric World University Rankings университеттерінің Бүкіләлемдік рейтингісіне қатысып, әлемнің үздік 500 ЖОО қатарына кіргенін қуана хабарлаймыз.

Әлемнің 912 жетекші университеттерінің ішінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті 458 орынға ие болды. Қазақстан Республикасының атынан 16 жоғары оқу орны қатысты, оның ішінде біздің университет 6-шы позицияда.

    UI Green Metric рейтингінің мақсаты - кампустарда тұрақтылықты (экологиялық тазалық) сақтау бойынша күш-жігерді анықтау. Рейтинг тұтастай алғанда қоршаған ортаның, экономика мен әділеттіліктің тұжырымдамалық шеңберіне негізделген және әлемдік аренада интернационалдандыру саласында университеттің имиджін арттыруға ықпал етеді.

   Университеттің республикалық және әлемдік рейтингтердегі жетістіктері-бұл университеттің жоғары кәсіби ұжымының еңбегінің жемісі болып табылады. Алдағы уақытта университеттің қызметі үлкен шығармашылық жетістіктерге, батыл жобалар мен жаңа ашылулармен жалғасын таба берсін!

https://green.auezov.edu.kz/kz

Д.П.Қожамжарова

М.Әуезов атындағы ОҚМУ ректоры

ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі,

тарих ғылымдарының докторы, профессор

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.