Кәсіби әріптестік аясында

Ғылыми педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімі университетіміздің өзге ЖОО-мен кәсіби әріптестік іс-шараларын жандандыру және біліктілікті арттыру  бойынша қызмет көрсету аясын арттыру мақсатында 2020 жылғы қаңтардың 6-ы мен 17-і мерзімі аралығында «Сырдария» университетінің профессор-оқытушылар құрамына «Заманауи оқыту технологиялары» курсы бойынша ақылы негіздегі біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Курстың басты мақсаты оқытылатын пәннің бейніне сәйкес жаңашыл оқыту технологиялары бойынша  теориялық, әдістемелік және тәжірибелік білімдерді байыту болып табылады. Курстың оқу бағдарламасы 72 сағатқа арналып, 25 тыңдаушы біліктілігін арттырды.

Лекторлар құрамында Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттіңң Оқу үрдісін ұйымдастыру орталығының директоры, х.,ғ.к., профессор Г.Адырбекова; ҒПКБАБ жетекшісі, т.ғ.к., доцент, Р.Рысдаулетов; п.ғ.к., «Жалпы педагогика және музыкалық білім» кафедрасының доценті К.Махмутова бар.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.