Жаңалықтар
«Заманауи оқыту технологиялары»
- Қаралды: 356
Ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімі ұйымдастырған жоспарлы «Заманауи оқыту технологиялары» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы 18.12-27.12.2019ж. мерзімі аралығында ұйымдастырылды.
Заманауи білім беру формаларының озық технологияларын насихаттауға бағытталған біліктілікті арттыру курстары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 020 бюджеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Жұмыс оқу бағдарламасы 72 сағатқа арналған курстың тақырыптар аясы төмендегі модульдерді қамтиды:
- Заманауи білім беру жүйесі;
- Студентке бағытталған білім беру;
- ЖОО оқу үдерісінің нормативтік құжаттары. Модульдік білім беру бағдарламалары. Білім нәтижесін бағалау жүйесі. ЖОО оқу үдерісін ұйымдастыру және жоспарлау;
- ЖОО оқытушысының оқу-әдістемелік жұмыстары. Мамандық пен оқу пәндерінің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі;
- Білім беру үрдісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
- Әртүрлі технологияларды пайдалану негізінде семинар сабақтарын ұйымдастыру. «Оқу және жазу арқылы сыни ойлауды дамыту» технологиясының бірқатар әдістерін пайдалану;
- Инклюзивті білім беруде оқытудың заманауи технологияларын пайдалану;
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз