Жаңалықтар
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Самарқанд қаласына саяхат
- Қаралды: 461
2019 жылдың 2 қарашасында «Жалпы тарих және мұражай ісі» кафедрасының оқытушылары Мирзамсейтова Г.Е., Байғұнақова Г.С., Нарымбет Г.Б., Тойева М.Е. және Илимова А.Т. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Самарқанд қаласының қасиетті және мәдени-тарихи орындарында болды. Саяхаттың мақсаты: Орта Азия мен түркітілдес халықтардың тарихы мен мәдениетін білу. Экскурсия барысында ежелгі сәулет өнерінің ерекше ескерткіштерімен, ұлттық қолөнер орталықтарымен, Әмір Темір кесенесімен, Мырза Ұлықбек обсерваториясын, Қасиетті Даниелдің киелі жерлерін, Шахи Зинда тірі патша архитектуралық кешендерінде саяхаттадық. Саяхатымыздың екінші күні Әмір Темірдің бәйбішесі Бибі Ханум кесенесінің тарихи кешенін аралап көрдік, Самарқанттың інжу –маржаны Регистан алаңын тамашаладық. 2001 жылдан бастап Самарқанд ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілді.