Жаңалықтар
Қазақстан Республикасынының Білім және ғылым вице-министрі Жақыпова Фатима Надырқызының М. Әуезов атындағы ОҚМУ ұжымымен кездесуі болды
- Қаралды: 321
Қазақстан Республикасынының білім және ғылым вице-министрі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Құрмет» орденінің иегері Жақыпова Фатима Надырқызының М. Әуезов атындағы ОҚМУ ұжымымен шілденің 11 жұлдызында кездесуі болды.
Келу бағдарламасында Арыс халқының басына түскен ауыр жағдайдан кейінгі жүргізіліп жатқан жұмысты бақылау, жарылыс кезінде денсаулығын нашарлатып алған тұрғындармен жүздесу, сонымен қатар мектеп табалдырығындағы балалардың жазғы демалысқа шығу жұмыстары барысымен танысып, әлеуметтік нысандарға барып, соңынан М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің үздік және жас ғалымдарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Білім және ғылым вице-министрі Жақыпова Фатима Надырқызы өз сөзінде ҰБТ-ның сәтті аяқталып, келесі кезекте грантқа үміткерлер байқауының орнатылған тәртіппен жүзеге асырылуын сөзге тиек етті. Соңғы қабылданған нормативтік құжаттар мен заңдарды айқындап, биыл қосымша көп балалы отбасыларға 5000 грант бөлінетінін атап өтті.
Қазіргі таңда мемлекет саясаты университеттің автономды болуына, университет ұжымына көп еркіндік берілуіне, өзіндік даму және модульдік білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс істеуге бағыттайды. Университет қабырғасында ғылыммен айналысып жүрген жас ғалымдарға Білім және ғылым министрлігі жариялаған гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға үндеу тастады. Профессорлық-оқытушы құрамы өз көкейлеріндегі сұрақтары мен ұсыныстарын білдіріп қызу талқылау жүргізді.
Фатима Надырқызы университеттің ғылыми жетістіктеріне және материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейіне, сонымен қатар инфрақұрылымына қызығушылық танытты.