Жаңалықтар
Байқау кеңесі мүшелерінің бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды
- Қаралды: 302
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, 010000 Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, 11-кіре-беріс, «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының байқау кеңесі мүшелерінің бос лауазымдық орнына конкурс жариялайды. Кәсіпорынның орналасқан мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тауке хан даңғылы, 5.
Қызметінің негізгі мәні жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру оқу бағдармаларын іске асыру, іргелі ғылыми және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыру болып табылады.
Байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:
1) білім беру саласында кемінде он жыл жұмыс тәжірибесінің;
2) білім беру саласындағы басшылық қызметте (заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасарлары) кемінде бес жыл тәжірибесінің;
3) білім беру саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болуын қамтиды.
Мынадай:
1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;
2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;
3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2) мемлекеттік және орыс тіліндеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізіледі.
Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын "Түпнұсқа" деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.
Ішкі және сыртқы конверттер:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне, 010000 Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8, 11-кіре-беріс, 643-каб. Адрестелген болуы керек, телефон: 8 (7172) 74-20-62;
2) «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» - мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы» және «2019ж. 10 тамызға дейін ашуға болмайды» деген сөздерді қамтуы тиіс.
Қосымша ақпаратты 8 (7172) 74-20-62 телефоны арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің жоғары білімді жоспарлау және қаржыландыру басқармасынан алуға болады.