Жаңалықтар
Тұрақты дамужәне достық
- Қаралды: 313
М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің түркімен студенттері ҚазақстандағыТүрікменстан Елшілігінің қолдауымен Халықаралық Велосипедшілер күніне және Дүниежүзілік қоршаған орта күніне арналған жаппай мәдени шаралар өткізді. 2018 жылдың сәуірінде БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған Дүниежүзілік Велосипед Күні - 3 маусымда атап өтіледі. Осы халықаралық күнді белгілеу жөніндегі жобалар Түрікменстан Президенті Г.М. Бердімұхамедовтың бастамасы бойынша әзірленді. Құжатқа 56 мемлекет, оның ішінде Қазақстан Республикасы-да қосылды. Қарапайым, қымбат емес, сенімді және қолайлы көлік түрі болып табылатын велосипедтің бірегейлігін, ұзақ тарихын және әмбебаптығын негізге ала отырып, БҰҰ бұл ұсынысты қолдады. Велосипед экологиялық таза көлік түрі болғандықтан, оны пайдалану денсаулықты сақтауға және спортты дамытуға ықпал етеді.
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында түркімен студенттерініңбастамасымен «Табиғат біздің ортақ үйіміз» тақырыбында балалар суреттерінің байқауы жарияланды. Оған Шымкент қаласының жалпы білім беру мектептерінің оқушылары қатысты.
Айта кету керек, соңғы жылдары Қазақстан мен Түрікменстан қоршаған ортаны қорғауға және аймақтың экологиясына ерекше назар аударып келеді. Осы тұрғыда өткір проблемалардың бірі - Арал теңізінің дағдарысы. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің, Елбасы - Н.Назарбаевтың бастамасымен Арал теңізі халықаралық қоры құрылды.
Жақында 2019 жылдың 28 мамырында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші сессиясының 85-ші отырысында Түрікменстан Президентінің бастамасымен «Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Халықаралық Аралды Құтқару Қоры арасындағы ынтымақтастық» атты консенсус қабылданды. Бұл қарар өткен жылдың 24 тамызында Түркіменстанның басшылығымен Аваза ұлттық туристік аймағында өткен ХАҚҚ-ның саммитінің қорытындысын толық қолдайды. Бұл құжат сондай-ақ БҰҰ мен ХАҚҚ арасындағы жүйелік негізде өзара әрекеттесудің құқықтық негізін қалыптастырады.
Балалар байқауының қатысушылары кәдесыйлармен марапатталды, ал барлық қонақтарға ұлттық түрікмен тағамдары бар жомарт үстел ұсынылды.