Жаңалықтар
«Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында қалдықтарды тұрақты басқару саласындағы құзыреттілікті арттыру / EduEnvi»
- Қаралды: 397
7 маусым 2019 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында №585761-EPPP-1-2017-1-FI-EPPKA2-CBHE – JP «Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарында қалдықтарды тұрақты басқару саласындағы құзыреттілікті арттыру / EduEnvi» жобасына Қазақстандағы Эразмус+ Ұлттық офисі ұйымдастырған мониторинг жүргізу жоспарлануда.
Бұл мониторинг білім, мәдениет және Еуропалық Комиссияның аудиовизуалды құралдары бойынша ЖБПА үшін Атқарушы Агенттіктің атынан стандартты мониторинг рәсімдері шеңберінде жүргізіледі.
Мониторингке серіктес – жоғары оқу орындары қатысады: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті.
Мониторинг жүргізу орны: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттікуниверситеті, Тауке хан даңғылы, 5, 342 ауд.