Жаңалықтар
"Денсаулық және бақыт"
- Қаралды: 314
Сәуірдің 24-і күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігінің қолдауымен Түрікменстанда жылсайын өткізілетін Дене шынықтыру, спорт және мәдени-сауықтыру шараларына арналған спорттық іс-шара өткізілді. Спорттық іс-шараға университеттің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, студенттер, Шымкент қаласының тұрғындары спорт әуесқойлары қатысты. Қатысушылар мен ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, жарыстар қызықты, пайдалы болды және осыдан кейін осындай спорттық іс-шаралар барлық елдердегі спорттық-сауықтыру қозғалысына серпін береді.
Іс-шараның мақсаты - спортты дамыту, тұрақты дамудың мақсаттары мен салауатты өмір салтын насихаттау.