Жаңалықтар
«Өрлеу» БАҰО АҚ «Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар» тақырыбындағы курс
- Қаралды: 452
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы-Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының «Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы жоғары оқу орындарындағы заманауи педагогикалық технологиялар» тақырыбындағы курсы 15.04-17.05.2019ж. мерзімі аралығында өз жұмысын бастады. Курстың мерзімі 7 аптаны құрайды, оның 2 аптасы онлайн оқыту, 5 аптасы күндізгі оқыту түрінде.
Жалпы «Өрлеу» БАҰО арқылы 2012-2018 жылдар аралығында университетіміздің 329 профессор-оқытушысы біліктілігін арттырды. Биылғы оқу жылындағы тыңдаушылар саны 25 адамды құрайды. Университет базасында ұйымдастырылған курстың лектор-тренерлері Қыдырбек Өмірбек және Каупен Самал Мухаметалиевна.
Курс бойынша оқыту модульдерінің атаулары:
- «Психологиялық-педагогикалық модуль»
- «Мазұндық модуль»
- «Технологиялық модуль»
- «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында ЖОО пәндерді оқыту әдістемесінің негіздері».
Университет профессор-оқытушылар құрамы осы жоғарыда аталған модульдер аясындағы басты концепцияларды игеріп, оқыту және өзіндік жұмыс нәтижелері арқылы кәсіби талдаушылық қабілеттерін арттырады, өздігінен проблемалық тапсырмаларды, жағдайларды құра білуге машықтанады.