Жаңалықтар
«Ұлы Дала өркениетінің мәні мен құндылықтары»
- Қаралды: 404
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Ұлы Дала өркениетінің мәні мен құндылықтары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаласын насихаттау және ондағы айтылған міндеттерді іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.
Конференция модераторы, университет ректоры Д.Қожамжарова: «Кеңістік – барлық нəрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана əдемі афоризм емес» - деп санамызға кереметтей терең әсер беретін, ой тастайтын жолдармен басталған Елбасының мақаласы Ұлы Дала өркениетінің маңызы мен құндылықтарын терең түсінуге, ауқымды зерттеулерді жүргізуге қазақстандық ғана емес, орталық Азия және түркітілдес қоғамның назарын өзіне аударды. «Жұт – жеті ағайынды» дегендей біріне-бірі жалғасқан зұлматтардан ұрпақ жады көмескіленіп, ата-бабалары туралы нақты деректерден қол үзіп қалып, кейбір ірі тұлғалардың ұмыт бола бастап еді. Қасиетті Тәуелсіздіктің арқасында жоғалған құндылықтарымызды қайта іздеп, тарихи тұлғалармен қайта қауыша бастадық. Бүгінгі конференцияда ежелгі Түркістан, Отырар қалаларының, Ұлы Жібек Жолының құндылығы, ұлы есімдердің, ойшылдар мен ақындардың, ел билеген тұлғалар бейнесін кеңінен талқылайтын боламыз» деп, жиынның маңыздылығына тоқталып өтті.
Конференцияға шетелдік және отандық ғалымдар, мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, студенттер, БАҚ өкілдері қатысты.
Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматтары Шалатай Мырзахметов, Әселхан Қалыбекова құттықтау сөз сөйлесе, Түркия мемлекеті Мармара университетінен келген профессор Женгиз Томар, отандық Мекемтас Мырзахметұлы, Ергөбек Құлбек, Мұхтар Қожа мынды ғалымдар құнды баяндама жасады.
Конференция аясында «Мұхтартану», «Елбасытану» ғылыми-әдістемелік орталығына танымдық экскурссиялар жасалынды. Университеттің гуманитарлық бағытындағы ғылыми жетістіктер көрмесі, Түркістан облысының тарихи-өлкетану мұражайының және Шымкент қаласының «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Конференцияға 200-ге жуық мақала келіп түсіп, пленарлық және секциялық мәжілістерде 67 баяндама тыңдалып талқыланады.