АВТОРЛАР ҮШІН

М.Әуезов атындағы ОҚУ cтуденттік еңбектер жинағына берілетін мақалаларға қойылатын талаптар:

  1. Мақала Microsoft Word редакторында терілуі тиіс
  2. Қағаз форматы – А4
  3. Шеткі сызықтары: сол жағы – 3 см, оң жағы – 2см, жоғарғы – 2 см, төменгі – 2 см
  4. Шрифттердің көлемі:

                        мақаланың мәтіні – 11 кегль.

                        формулалар – 11 кегль.

                        әдебиеттер тізімі – 10 кегль.

  1. Шрифттердің түрі: Times New Roman
  2. Жоларалық қашықтық – 1 (еніне қарай түзету)
  3. Бірінші қатарының сол жағында міндетті түрде ӘОЖ, бір қатардан кейін – ортасында – БАС ҚОЮ ӘРІПТЕРМЕН – мақаланың тақырыбы, бір қатардан кейін – ортасында – кіші әріптермен –авторлардың (3-ден артық емес, оның ішінде: бір ПОҚ және ең көбі екі студент) аты-жөні, тегі, студенттің тобы және ғылыми жетекшінің қызметін көрсету (үлгісі төменде келтірілген).                     

 

ҮЛГІ:

ӘОЖ 541.18 (шрифт көлемі – 10 кегль)

 

ВЕРМИКУЛИТТІ ПАЙДАЛАНУ АЙМАҒЫН САРАПТАУ (11 кегль)

 

Рахметова А. - ММГ-24-3к1 топ студенті, Алимбеков Е. - ММГ-24-3к2 топ студенті (11 кегль)

Сырманова К.К. - т.ғ.д., профессор (11 кегль)

 

Баяндаманың негізгі мәтіні  (11 кегль)

---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

 

Әдебиеттер (10 кегль)

1.

2.

3.

4.

5.

 

 

  1. Мақаланың әдебиеттер тізімі (әдебиеттер) ҚР ЖАҚ «Диссертациялар мен авторефераттарды рәсімдеу» нұсқауына сәйкес берілуі тиіс.
  2. Мақаланың электрондық нұсқасын ақпараттық хатта көрсетілген электрондық корпоративтік пошта арқылы жіберу қажет. Плагиатты тексеру дәлелінің көшірмесімен (кемінде 60%) және баж төленгені туралы чекпен тіркелу қажет.
  3. Мақаланың көлемі 2 беттен аспауы керек.
  4. Баяндама мәтінін редакциялауға жатпайды және түп нұсқасы болып саналады. Конференцияның баяндамалар жинағы тікелей көшірме әдісімен теріледі.
  5. Шектелген мерзімінен кешігіп түскен немесе талапқа сай келмейтін материалдар жариялымға қабылданбайды, қаралмайды және қайтарылмайды. Сондықтан жоғарыда көрсетілген талаптарға сай материалдардың тиянақты редакциялануын Сіздердің назарларыңызға қаратамыз.
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.