М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің түлектер қауымдастығы

Құрметті М. Әуезов атындағы ОҚУ түлектері!

 Бүгінде біз жаңа бірлестікті - Түлектер қауымдастығын қалыптастырудың бастауында тұрмыз. Біздің тобымызға қосыл! Бұл - білімді, прогрессивті және әлеуметтік жауапты тұлғалар бірлестігі.

Сіз университет қабырғасында сапалы білім, өмірлік дағдылар алдыңыз, шығармашылық қабілеттеріңізді дамыттыңыз, өз көзқарастарыңыз бен сенімдеріңізді қорғауды үйрендіңіз. Бұл - Сіздің өміріңіздің барлық қиындықтарын жеңуге және үлкен жетістіктерге жетуге көмектесетін әлеуетіңіз.  
   
Қазіргі әлемде кәсіби мамандар - білімді және өз ісіне берілген тұлғалар шешуші рөл атқарады. Біздің түлектер еңбек нарығында сұранысқа ие, ал М.Әуезов атындағы ОҚУ дипломы жұмысқа орналасуға, кәсіби және өмірлік табысқа жетуге кең мүмкіндіктер ашады. 
    
Біз өздеріңіз сияқты бизнесте, саясатта немесе басқа да салаларда кәсіби қалыптасқан М.Әуезов атындағы ОҚУ түлектері университеттің, студенттер мен жас түлектердің қазіргі жағдайына бей-жай қарамайды деп ойлаймыз.
Біз түлектердің өздерінің бітірген білім ордасының түлектерін мақтанышпен жұмысқа қабылдағанын қалаймыз.  Егер түлектер бір университетте оқыған болса, олар әртүрлі құрылымдар мен бөлімшелердің өкілдерімен байланыс пен серіктестік қарым-қатынас жасауы оңай болғанын қалаймыз. 
 
Біз бір жоғары оқу орнын бітірген адамдардың корпоративтік рухты сезінуге, бір-біріне жан-тәнімен жанкүйер болуға тиіс екеніне сенімдіміз.

Біз бірге мызғымас тұтаспыз!

 

Басқарма Төрағасы - Ректор
            Д.П. Қожамжарова
Түлектер қауымдастығы:
Қауымдастық миссиясы:
Қауымдастық мақсаттары:
Қауымдастық міндеттері:

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.