1

М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің түлектер қауымдастығы

Image
Төрағаның құттықтау сөзі

Құрметті түлектер, әріптестер және қадірлі қонақтар!
Сіздерді «Ауэзов университеті түлектерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің ресми сайтында қарсы алуға қуаныштымын.
Ауэзов университеті – саналы ғұмыр жолын таңдаған мыңдаған мамандардың кәсіби қалыптасуына негіз болған, білім мен ғылымның іргелі ордасы. Осы оқу орнының түлегі атану – зор мәртебе ғана емес, сонымен қатар университеттің құндылықтары мен дәстүрлерін сақтауға деген жауапкершілік.
Түлектер қауымдастығы университет пен түлектер арасындағы байланысты нығайту, кәсіби қауымдастықты дамыту, түлектер мен студенттердің бастамаларын қолдау, сондай-ақ жұмыс берушілермен серіктестікті кеңейту мақсатында құрылған.
Біз ынтымақтастыққа ашықпыз, жаңа идеялар мен бірлескен жобаларды қолдаймыз. Қауымдастық қызметі түлектердің кәсіби дамуына, мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтуге және Ауэзов университетінің беделін арттыруға бағытталған.
Университет тағдырына бейжай қарамай, оның дамуына үлес қосып жүрген барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Бірлігіміз бен белсенділігіміз жаңа жетістіктерге жол ашады деп сенемін.

Құрметпен,
Искандиров Мұқаш Зұлқарнайұлы
Төраға
«Ауэзов университеті түлектерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі
Түлектер қауымдастығы:

(бұдан әрі - Қауымдастық) - бұл жоғары оқу орны түлектерінің кәсіби және этикалық қағидаттарының жақындығы негізінде құрылған және Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңнамасы және қауымдастық Жарғысы негізінде жұмыс істейтін, сондай-ақ Қауымдастықтың миссиясын, мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін түлектерді біріктіруге бағытталған түлектердің ерікті бірлестігі.

Қауымдастық миссиясы:
Қауымдастық мақсаттары:
Қауымдастық міндеттері:

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.