Бакалавриат

Сілтеме - Жалпы мәлімет

2020/2021 оқу жылына қабылдау мерзімі

Өтініш қабылдау мерзімі

Тестілеу мерзімі

Қатысушылар

ҰБТ  өткізіледі

1 және 15 желтоқсан аралығы

15 және 20 қаңтар аралығы

1) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;

*ақылы

2) ЖОО-ға ақылы негізде қабылдау үшін жоғары оқу орнының бірінші академиялық кезеңі аяқталғанға дейін күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданған адамдар;

*ақылы

3) ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын  және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар

*ақылы

1 және 15 ақпан аралығы

24 және 29 наурыз аралығы

ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;

*ақылы

1 сәуір және 30 сәуір аралығы

20 маусым және 5 шілде аралығы

1) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері;

ақысыз

2) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;

*ақылы

3) республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін  білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері

*ақылы

  1 сәуір және 30 сәуір аралығы

20 маусым және 5 шілде аралығы

республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар;

*ақылы

   25 шілде және 3 тамыз аралығы

17 және 20 тамыз аралығы

1) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілері;

*ақылы

2) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау  үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері;

*ақылы

3) ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар;

*ақылы

4) ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын  және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар

*ақылы

* - тестілеу бағасы – 2242 теңге.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін төлемді Қазақстан Республикасының барлық екінші деңгейлі банктері кассасынан төмендегі реквизит бойынша жасауға болады:

«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК  ҚР БҒМ

010011 Астана қ., Жеңiс д., 60

БИН 000140001853

ИИК KZ536010111000001515

БИК HSBKKZKX     КБE 16

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

Төлемнің атауы – "Кешенді тестілеу үшін" (2242 теңге).

Сондай-ақ «Қазақстан Халық Банкі» АҚ терминалдары арқылы ғана төлем жасауға болады.

Бақылаушылар: Министрлік өкілдері.

Апелляция: қарастырылған.

ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік).

                           Барлық тест тапсырмалар саны —120.

Тестілеудің жалпы уақыты: 3 сағат 50 минут (230 минут)

 

Тестілеу пәндері

Тапсырмалар саны

Тапсырмалар формасы

1 блок

Математикалық сауаттылық

20

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс

Оқу сауаттылығы

20

(4 мәтін)

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс

Қазақстан тарихы

20

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс

2 блок

1 бейінді пән

20

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс

10

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты

2 бейінді пән

20

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс

10

Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты

Жоғары балл саны: 140

Шекті деңгей балы: 50

Бейінді пәндер таңдайтын білім беру бағдарламары тобына байланысты таңдалады

Бейінді пәндер комбинациясы

1 бейінді пән

2 бейінді пән

1

математика

физика

2

математика

география

3

биология

химия

4

биология

география

5

шет тілі

дүниежүзі тарихы

6

география

шет тілі

7

дүниежүзі тарихы

Адам. Қоғам. Құқық

8

дүниежүзі тарихы

география

9

қазақ тілі / орыс тілі

 қазақ әдебиеті / орыс әдебиеті

10

химия

физика

11

шығармашылық емтихан

шығармашылық емтихан


Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін  білім беру бағдарламаларының ұқсас бағыттарына оқуға түсушілер үшін ҰБТ (ТжКБ) форматы : 2 пән .

Барлық тест тапсырмалар саны - 60.

Тестілеудің жалпы уақыты — 1 сағат 40 минут (100 минут).

Тестілеу пәндері

Тапсырма саны

Тапсырмалар формасы

Бағалау формасы

Жалпы кәсіптік пән

20

Бес жауап нұсқасының біреуі  дұрыс

1 дұрыс жауап = 1 балл

 

Арнайы пән

40

Берілген бес жауаптың біреуі  дұрыс (20)

1 дұрыс жауап = 1 балл

 

Көп жауаптың ішінен бірнеше дұрыс жауабы бар (10)

Барлық дұрыс нұсқаны таңдау – 

2 балл

Бір қате (бірнеше дұрыс жауаптан 1 қате кетсе) – 1 балл

2 немесе одан көп қате – 0 балл

Жағдаятық тапсырмалар (10)

1 дұрыс жауап = 1 балл

Жоғары балл саны: 70.

Шекті деңгей балы: 25.


Білім беру гранты – «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары түсушілер өтініш білдірген нақты білім беру бағдарламалары, тіл бөлімдері мен оқу мерзімі бойынша білім беру бағдарламаларының кезектілігіне сәйкес білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) сертификатының балдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі.

Конкурсқа қатысу үшін

·         ұлттық ЖОО-ға түсуге, шығармашылық дайындықты талап ететін оқуға түсушілерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына маусым-шілдедегі ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға ҰБТ нәтижесі бойынша – кемінде 65 балл, 

·         "Педагогикалық ғылымдар", "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл, 

·         басқа ЖОО-ларға – кемінде 50 балл, 

·         "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл,

оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі бойынша) – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алуы қажет.

Шығармашылық дайындықты талап ететін оқуға түсушілерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына ҰБТ-дан өткен, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға ниет білдірген жалпы орта және техникалық пен кәсіптік, білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ нәтижесі бойынша 

·         кемінде 25 балл, 

оның ішінде жалпы кәсіптік пән бойынша – кемінде 5 балл және арнайы пән бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.

Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсуші ҰБТ-дан өткен және республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты қаражат есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға және (немесе) 

·         ұлттық ЖОО-ға ақылы оқуға ниет білдірген жалпы орта және техникалық пен кәсіптік, білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, 

·         "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 60 балл, 

·         басқа ЖОО-ға – кемінде 50 балл, 

оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі бойынша) – кемінде 5 балл және әр шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алуы қажет.

Шығармашылық дайындықты талап ететін, ҰБТ-дан өткен, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысуға ниет білдірген жалпы орта және техникалық пен кәсіптік білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері ҰБТ және шығармашылық емтихан нәтижесі бойынша 

·         кемінде 25 балл,

оның ішінде шығармашылық емтиханнан – кемінде 5 балл және арнайы пән бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына тапсырады:

·         белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

·         білімі туралы құжат (түпнұсқа);

·         ҰБТ сертификаты;

·         3x4 көлеміндегі екі фотосурет;

·         086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;

·         жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін азамат өтініште өзі таңдаған білім беру бағдарламалары мен ЖОО-ны көрсетеді.

Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда азамат төрт білім беру бағдарламаларын көрсете алады.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 10 – 20 шілде аралығында қабылданады.

Республикалық комиссияның отырысы 21 -31 шілде аралығында өткізіледі.

Білім гранты иегерлерінің тізімі Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтына ілінеді.

 


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz

Please publish modules in offcanvas position.