Салиқалы университет

«Салиқалы университет» жобасы

Аға буын өкілдерінің өмір сүру сапасын арттыру мәселелері әрқашан мемлекеттің басым бағыттарының қатарында болған және болады. Егер бұрын зейнеткерлерге қатысты әлеуметтік саясат тек әлеуметтік жәрдемақылар, төлемдер, науқастарға күтім жасау және т.б. жүйесін құруға негізделген болса, енді зейнеткерлердің әл-ауқатының стандарты сонымен бірге аға буынның физикалық денсаулығын, әл-ауқатын және әлеуметтік белсенділігін сақтау үшін жағдай жасауға бағытталған. Статистика бойынша, Шымкент қаласы тұрғындарының 8% - дан астамы зейнеткерлік жаста, олардың көпшілігі жұмыс істемейді және жеке бизнесі жоқ. Бұл азаматтарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта даярлау және олардың кәсіби өсуін қамтамасыз ету өңірдің әлеуметтік проблемаларын шешуге ықпал ететіні анық.
М.Әуезов ОҚУ 2021 жылдан бастап «Салиқалы университет» жобасын іске асыра бастады, ол аға буын өкілдерінің шығармашылық және кәсіби дамуына және олардың белсенді еңбек қызметіне оралуына жағдай жасауға бағытталған.
«Салиқалы университетінің" алғашқы 15 тыңдаушысы «Цифрлық куратор» курсы аясында 2021 жылдың 10-19 қараша аралығында қолданбалы бағдарламалармен, компьютерлік желілермен және интернетпен, электрондық үкімет ресурстарымен және онлайн платформалармен жұмыс істеу дағдыларын алды.
Қазіргі таңда қосымша білім беру орталығы «Цифрлық куратор», «Бала күтушісі», «Мәдени-тынығу жұмысын ұйымдастырушы», «Бау-бақша күтушісі» бағдарламалары бойынша тыңдаушыларды қабылдай алады.


«Салиқалы университет» жобасы бойынша біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасы
                                                                                  1. Цифрлық куратор
                                                                                  2. Бала күтуші
                                                                                  3. Мәдени-тынығу жұмыстарын ұйымдастырушы
                                                                                  4. Бау-бақша күтушісі

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.