← Вернуться к списку

Қайырымдылық – адамгершіліктің жарқын көрінісі

Қайырымдылық – адамгершіліктің жарқын көрінісі

«Техникалық мамандықтар үшін шет тілі» кафедрасының магистр-оқытушысы  Серикбаева Нурсулу Жумахановна қазіргі таңда қоғамда ізгілік пен әлеуметтік  жауапкершілік қағидаттарын орнықтыруға бағытталған қайырымдылық шараларына белсенді қолдау білдіріп келеді. Осы мақсатта 2025 жылдың 26-шы қарашасы күні «Бір тамшы мейірім» атты қайырымдылық жәрмеңкесін өткізуге және іс-шараның жалғасын 2026 жылдың маусым айының 13-і күні Шымкент қаласы білім басқармасының «Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы» КММ-де қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды. Бұл қайырымдылық іс-шарасының басты мақсаты – орталықтағы балаларға жан-жақты қолдау көрсету, оларға мейірім мен қамқорлық сыйлау, адамгершілік пен ізгілік құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ балалармен жылы қарым-қатынас орнатып, олардың қоғам назарынан тыс қалмайтынын сезіндіру болды. Сонымен қатар, Серикбаева Нурсулу Жумахановна демеушілерді тарту жұмыстарын ұйымдастырып, нәтижесінде ЖК MobIT Group жеке кәсіпкер Дәулетбек Д.Д. тарапынан қайырымдылық шарасына демеуші ретінде жұмылдырды. Демеуші балаларға қажетті әлеуметтік пакеттер сатып алу үшін өз тарапынан қайырымдылық көмек көрсетті.

🖼️ Медиа файлы

Контакты

160012, город Шымкент,
проспект Тауке хана, 5

Канцелярия

8 (725-2) 21-01-41

canselyarya@mail.ru

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос