Автор: Адиш Ә.С.
Кафедра: Өнер
Су – тіршілік бастауы. Жер бетіндегі барлық тірі ағзаның, соның ішінде
адамның да өмір сүруі суға тікелей байланысты. Адам ағзасының 70 пайызға жуығы
судан тұрады, ал адам бірнеше күн ғана сусыз өмір сүре алады. Су – табиғаттың
ерекше сыйы, оның адамзат өркениетінің дамуындағы рөлі орасан зор. Ежелгі
өркениеттердің барлығы үлкен өзендердің бойында пайда болғаны белгілі.
Дегенмен, бүгінгі таңда адамзат су ресурстарына тұтынушы ретінде қарап, оның
шексіз емес екенін жиі ұмытады.
