Экологиялық мәдениет және Жасыл экономика

Факультет: it
Кафедра: tele

Экологиялық мәдениет және Жасыл экономика

Жасыл экономика мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру — бүгінгі күннің басты талабы. Осы орайда, "Ақпараттық коммуникациялық технологиялар" кафедрасының оқытушылары:

1.      Тастанбекова Б.О.

2.      Тұрғанбекова М.М.

3.      Момбекова С.С.

ИП-25-11К2 тобының студенттерімен  қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық тұрақтылықты қолдауға бағытталған ауқымды эко-акция ұйымдастырды. Шара аясында ұжым қалалық саябаққа шығып, қоршаған ортаны тазарту бойынша сенбілік өткізді.

Бұл жай ғана тазалық шарасы емес, «Жасыл экономика» принциптерін іс жүзінде көрсетудің жарқын үлгісі болды. Акция барысында студенттер мен ұстаздар бірігіп, саябақ аумағына жас көшеттер мен талдар отырғызды. Отырғызылған әрбір тал — болашақта ауаның тазаруына, қаламыздың эко-жүйесінің жақсаруына және жасыл аймақтардың кеңеюіне қосылатын үлкен үлес.

Студенттер жиналған қалдықтарды сұрыптау негіздерін тәжірибеде қолданып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңызын түсінді.

Ссылки

Социальные сети

Документы

Медиа файлы


Если заметили ошибку, выделите фрагмент текста и нажмите Ctrl+Enter
Контакты

160012, город Шымкент,
проспект Тауке хана, 5

Канцелярия

8 (725-2) 21-01-41

canselyarya@mail.ru

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос