Экологиялық мәдениет және Жасыл экономика

Экологиялық мәдениет және Жасыл экономика

Жасыл экономика мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру — бүгінгі күннің басты талабы. Осы орайда, "Ақпараттық коммуникациялық технологиялар" кафедрасының оқытушылары:

  1. Тастанбекова Б.О.
  2. Тұрғанбекова М.М.
  3. Момбекова С.С.

ИП-25-11К2 тобының студенттерімен  қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық тұрақтылықты қолдауға бағытталған ауқымды эко-акция ұйымдастырды. Шара аясында ұжым қалалық саябаққа шығып, қоршаған ортаны тазарту бойынша сенбілік өткізді.Бұл жай ғана тазалық шарасы емес, «Жасыл экономика» принциптерін іс жүзінде көрсетудің жарқын үлгісі болды. Акция барысында студенттер мен ұстаздар бірігіп, саябақ аумағына жас көшеттер мен талдар отырғызды. Отырғызылған әрбір тал — болашақта ауаның тазаруына, қаламыздың эко-жүйесінің жақсаруына және жасыл аймақтардың кеңеюіне қосылатын үлкен үлес.Студенттер жиналған қалдықтарды сұрыптау негіздерін тәжірибеде қолданып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңызын түсінді.Кафедра оқытушыларының айтуынша: «Жасыл экономикаға көшу — сананы өзгертуден басталады. Бүгін біз теориялық білімді іс жүзінде көрсеттік. Осындай шаралар жастардың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатты аялауға тәрбиелейді».Кафедра оқытушылар табиғатты қорғау және «жасыл» бастамаларды қолдау бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырмақ. Табиғатты таза ұстау — әрқайсымыздың қолымыздан келетін маңызды қадам!

 


Image
Image
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.