Қайырымдылық шарасына атсалысайық
- Факультет: it
- Кафедра: tele
«Техникалық мамандықтар
үшін шет тілі» кафедрасының аға оқытушысы, PhD Моминова Сауле Махмудовна қоғамдағы
әлеуметтік жауапкершілік пен қайырымдылық мәдениетін дамытуға бағытталған игі
бастамаларды жүйелі түрде қолдап келеді. Осы орайда 2025 жылдың 10 желтоқсанында
Сайрам ауданы, Қасымбек Датқа ауылы, Абай көшесі, 17A мекенжайында орналасқан
Түркістан облысының білім басқармасына қарасты «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге
мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ ұйымдастырған қайырымдылық іс-шарасына
белсене атсалысты.
Аталған іс-шараның басты мақсаты –
ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға қолдау көрсету, олардың өмір сапасын
жақсартуға ықпал ету және қоғам назарын әлеуметтік осал топтардың мәселелеріне
аудару. Осы бағытта Моминова Сауле Махмудовна демеушілерді тарту жұмыстарын
ұйымдастырып, нәтижесінде «Steel» ЖК директоры Сураншиев Адилет-Азат
Курбангалиевичті қайырымдылық шарасына демеуші ретінде жұмылдырды. Демеуші балаларға қажетті әлеуметтік пакеттер
сатып алу үшін өз тарапынан көмек көрсетті.


