Қайырымдылық шарасына атсалысайық

Факультет: it
Кафедра: tele

«Техникалық мамандықтар үшін шет тілі» кафедрасының аға оқытушысы, PhD Моминова Сауле Махмудовна қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілік пен қайырымдылық мәдениетін дамытуға бағытталған игі бастамаларды жүйелі түрде қолдап келеді. Осы орайда 2025 жылдың 10 желтоқсанында Сайрам ауданы, Қасымбек Датқа ауылы, Абай көшесі, 17A мекенжайында орналасқан Түркістан облысының білім басқармасына қарасты «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ ұйымдастырған қайырымдылық іс-шарасына белсене атсалысты.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға қолдау көрсету, олардың өмір сапасын жақсартуға ықпал ету және қоғам назарын әлеуметтік осал топтардың мәселелеріне аудару. Осы бағытта Моминова Сауле Махмудовна демеушілерді тарту жұмыстарын ұйымдастырып, нәтижесінде «Steel» ЖК директоры Сураншиев Адилет-Азат Курбангалиевичті қайырымдылық шарасына демеуші ретінде жұмылдырды. Демеуші балаларға қажетті әлеуметтік пакеттер сатып алу үшін өз тарапынан  көмек көрсетті.

Ссылки

Социальные сети

Документы

Медиа файлы


Если заметили ошибку, выделите фрагмент текста и нажмите Ctrl+Enter
Контакты

160012, город Шымкент,
проспект Тауке хана, 5

Канцелярия

8 (725-2) 21-01-41

canselyarya@mail.ru

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос