Тасибеков Хайдар Сулейманович

Image
Тасибеков Хайдар Сулейманович

Ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректор, химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Тасибеков Хайдар Сулейманович 1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің  «Химия» факультетінде «Химиялық өндірістердің негізгі процестері және химиялық кибернетика» мамандығы бойынша білім алып, «Инженер-химик» біліктілігін иеленді (1996–2001 жж.). 2003–2006 жылдар аралығында  03.00.16 – Экология (химия ғылымдары)» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, химия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. 2006–2008 жылдар аралығында  Қазақстан инженерлік-экономикалық университетінде «Экономика» мамандығы бойынша білім алып, бакалавр академиялық дәрежесін иеленді. 2011 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен «Associate Professor» (қауымдастырылған профессор) ғылыми атағы берілді. 2022 жылы Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, 2025  жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының академигі болып сайланды.

Еңбек жолы

Еңбек жолын Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде бастап, оқу ордасында көп жылдар еңбек еткен. 2001–2003 жылдар аралығында  университеттің «Аналитикалық химия және сирек элементтер химиясы» кафедрасының тағылымдамадан өтуші-зерттеушісі; 

2003–2006 жылдар аралығында  аспиранты;

 2003–2007 жылдар аралығында  «Физика-химиялық зерттеу және талдау әдістері орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының ғылыми қызметкері;

 2006–2010 жылдар аралығында «Химия «факультеті  «Аналитикалық химия және сирек элементтер химиясы» кафедрасының аға оқытушысы;

 2007–2010 жылдар аралығында «Физика-химиялық зерттеу және талдау әдістері орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының аға ғылыми қызметкері;

 2011–2014 жылдар аралығында «Физика-химиялық зерттеу және талдау әдістері орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының жетекші ғылыми қызметкері;

2014–2020 жылдар аралығында «Физика-химиялық зерттеу және талдау әдістері орталығының» бас ғылыми қызметкері;

 2010 жылы  «Химия» факультеті деканының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары;

2010–2014 жылдар  аралағында  Ғылым және инновациялық қызмет департаментінің директоры;

2014–2018 жылдар аралығында «Химия және химиялық технология» факультеті «Аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы» кафедрасының меңгерушісі;

2018–2021 жылдар аралығында «Химия және химиялық технология» факультетінің деканы;

2021–2022 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры;

2022–2023 жылдар аралығында  «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Басқарма мүшесі – вице-президенті.

2023-2026 жылдар аралығында  «Ә.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты» АҚ Басқарма төрағасы – Бас директоры қызметін атқарған.

2026 жылдың қазан айынан бастап М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректоры қызметіне тағайындалды.

Ғылыми еңбектері мен жетістіктері

120-дан астам ғылыми жарияланымның авторы. Оның ішінде халықаралық Scopus және Web of Science дерекқорларында индекстелетін ғылыми журналдарда 20-дан астам ғылыми мақала жарияланған. Ғылыми басылымдарда, сондай-ақ мамандандырылған салалық журналдарда, отандық және халықаралық ғылыми конференциялар мен симпозиумдар материалдарының жинақтарында 80-нен астам ғылыми мақаласы мен баяндамалары жарық көрген. 2 оқу құралы, 2 әдістемелік әзірлеме және 1 монография жарыққа шығарған. Қазақстан Республикасының 10 патентінің авторы. Ғылыми жетекшілігімен 03.00.16 – Экология (химия ғылымдары)  мамандығы бойынша 1 кандидаттық диссертация сәтті қорғалған.

Марапаттары

Ресей Федерациясының Авиациялық-ғарыш агенттігінің «Экология және ғарыш» сыйлығының лауреаты.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің техника және жаратылыстану ғылымдары саласындағы ерекше жетістіктері үшін тағайындалған «Д. Қонаев атындағы сыйлықтың лауреаты»;

ҚР жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері;

ҚР Тұңғыш Президенті Қорының ғылым мен техника саласындағы сыйлығының лауреаты;

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

 

 

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.