Жәнібеков Ақынқожа Қаленұлы

Жанибеков Акынкожа Каленович
Соңғы лауазымы: Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма мүшесі – ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры
Туған күні: 13.02.1980 ж.
Отбасылық жағдайы: үйленген, үш баласы бар
Тілді білуі: қазақ, орыс, ағылшын
Білімі, мамандығы (біліктілігі):
-
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (2001)
Бакалавриат. Мамандығы: «Құқықтану»
-
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (2003)
Магистратура. Мамандығы: «Халықаралық құқық»
-
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (2013)
Докторантура. Мамандығы: «Құқықтану»
Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:
-
«Құқықтану» мамандығы философия докторы (PhD) (2014);
-
Қауымдастырылған профессор (2020);
-
Ұлттық заң академиясының академигі (2024);
-
Профессор (2025).
Еңбек өтілі:
-
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінің оқытушысы, аға оқытушысы (2003 – 2008 жж.);
-
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультеті деканының орынбасары (2008 – 2010 жж.);
-
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы, доценті (қауымдастырылған профессор), оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі меңгеруші орынбасары (2011 – 2025 жж.);
-
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультеті деканының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары (2023 – 2024 жж.);
-
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті ректоры аппаратының басшысы (2025 ж.);
-
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма мүшесі – ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры (2025 ж. – қазіргі уақытқа дейін).
Қосымша қызметтері:
-
«Заң кадрларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру» орталығының басшысы (2015 – 2025 жж.);
-
«6D030100, 8D04203 – Құқықтану; 6D030200, 8D04201 – Халықаралық құқық» мамандықтар тобы бойынша Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы (2020 – 2024 жж.);
-
НҚА жобаларына ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу жөніндегі сарапшы (2021 ж.);
-
«Қылмыстық іс жүргізу құқығы (жалпы бөлім)» МООК авторы (2021 ж.);
-
«6В042045 – Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасын әзірлеуші.
Мемлекеттік және халықаралық марапаттары мен құрметті атақтары:
-
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 75 жыл» төсбелгісі (ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің 12.10.2009 ж. № 457 шешімі);
-
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің «Кедендік ынтымақтастықты дамыту үшін» медалі (№0080 куәлік, 2010 ж.);
-
Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» мерейтойлық медалі (Ректордың 23.12.2015 ж. №477 бұйрығы);
-
«Қазақстан полициясына 25 жыл» төсбелгісі (ҚР Ішкі істер министрінің 23.05.2019 ж. №258 ж/қ бұйрығы);
-
2018 жылғы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының иегері (ҚР Білім және ғылым министрлігінің куәлігі, 2019 ж.);
-
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне қосқан үлесі үшін» күміс медалі (ҚазҰУ ректорының 01.02.2021 ж. №58 бұйрығы);
-
«Ерен еңбегі үшін» медалі – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дамуына қосқан үлесі үшін (ҚазҰУ ректорының 05.02.2021 ж. №60 бұйрығы);
-
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасы – Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуына, өркендеуіне қосқан үлесі үшін (Астана, 2024 ж.);
-
«Қазақстан криминологиялық қауымдастығы 25 жыл» төсбелгісі (01.06.2025 ж.).
Ғылыми еңбектері мен жарияланымдары:
-
AP05135569 «Сот құқықтық реформа аясында қылмыстық сот өндірісінде адам құқықтарын қорғау» ғылыми жобасының бас ғылыми қызметкері (2018 – 2020 жж.);
-
АР09260964 «Жеке детективтік қызмет заманауи мемлекеттің құқық қорғау органдары тетігінің ерекше элементі ретінде» ғылыми жобасының бас ғылыми қызметкері (2021 – 2023 жж.);
-
AP14973071 «Пробациялық бақылау адамдардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беру нысандарының бірі ретінде» ғылыми жобасының бас ғылыми қызметкері (2022 – 2024 жж.);
-
BR 27882414 «Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларды қолдау және оңалту бағдарламасы: ресурстық модульді орталықтар желісін тәжірибелік енгізу» бағдарламалы-нысаналық қаржыландыру бойынша жетекші ғылыми қызметкер (2023 – 2025 жж.);
-
BR24993217 «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы саласындағы заңдар мәтіндерінің құқықтық терминологиясы мен тілдік түпнұсқалығын үйлестіру» бағдарламалы-нысаналық қаржыландыру бойынша жетекші ғылыми қызметкер (2024 – 2026 жж.);
-
BR27101389 «Заңнаманың тиімділігін, ашықтығын оңтайландыру және арттыру үшін Қазақстан Республикасының заң шығару процесіне жасанды интеллект құралдарын енгізу» бағдарламалы-нысаналық қаржыландыру бойынша бас ғылыми қызметкері (2024 –2026 жж.);
-
AP25796421 «Қазақстандағы қылмысты азайту мақсатында университет тәжірибесіне үстел және цифрлық оқу-құқықтық ойындарды әзірлеу және енгізу» ғылыми жобасының бас ғылыми қызметкері (2025 –2027 жж.);
-
BR28713695 «Әйелдер мен жасөспірім қыздарға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері бойынша отбасы мен қоғамның ынтымақтастығының теориялық және әдіснамалық негіздері» бағдарламалы-нысаналық қаржыландыру бойынша жетекші ғылыми қызметкер (2025 –2027 жж.);
-
80-нен астам ғылыми мақаланың авторы, оның ішінде 13 мақала Scopus және Web of Science дерекқорларына кіретін журналдарда жарияланған (h-индексі – 4);
-
3 монографияның және 5 оқу құралының, 4 оқу-әдістемелік құралдың авторы, 5-тен астам авторлық куәліктің иегері, аннотациялар мен авторефераттар жинағының бірлескен авторы.
