М.Әуезов атындағы ЮҚУ студенттерінің жатақханадағы тұрмыстық жағдайына қанағаттануы (2025-2026 оқу жылына)




Зерттеудің мақсаты:
Студенттердің жатақханадағы әлеуметтік ахуал мен тұрмыс жағдайына көзқарасы, оны бағалауы, жатақханадағы жауапты қызметкерлермен қарым-қатынасы, жатақханадағы әлеуметтік-психологиялық жағдай, студенттердің бос уақытын тиімді өткізуін сараптау, өйткені бұл жоғары оқу орнындағы оқытудың сапасына тікелей әсер етеді.
Зерттеудің міндеттері:
- Жатақханадағы студенттердің тұрмыс жағдайына қанағаттануын бағалау;
- Студенттердің сабақтан тыс уақыттағы және жатақханадағы тәрбие жұмысының орындалуын сараптау;
- Жатақханада кездесетін ең негізгі мәселелерді анықтау;
- Студенттердің өмір сүру деңгейін және олардың оқу қызметі үшін әлеуметтік көңіл-күй жағдайларын бағалау.
Зерттеу жүргізу объектілері: ОҚУ-нің №1,4,5 жатақханалары сондай-ақ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу университетінің студенттері тұратын жеке меншік жатақханалар: "ИП Шарталь", "Санрайс", "Панбаев" және №3 жатақхана.
Сауалнаманы өткізудің әдісі: жатақханаларда тұратын студенттерге электронды сауалнама жүргізу. Сауалнамалық сұрақ-жауап.
Зерттеу объектісі бойынша жалпы сипаттама
Зерттеу барысында ОҚУ-нің №1, 4, 5 жатақханаларында тұратын барлығы 2141 студенттен 1340 студент сауалнамаға қатысты. Сауалнамаға қатыстқан студенттердің үлесі 62,6% құрады.
05.11.2025 жылғы декан сағатының отырысында қаралды, №4 хаттама
Хабарлама
Сауалнама
