"Қала құрылысы" білім беру бағдарламасы бойынша "Сәулет" кафедрасында 1-5 курс студенттеріне практика өткізіледі.
- Бірінші курс студенттеріне оқу (плэнерлік) практика өткізіледі. Онда студенттер қала ішіндегі саябақтардың суретін салады.
- Екінші курс студенттеріне өлшеу практикасы өткізіледі. Онда студенттер сәулеттік ескерткіштерді өлшеп сызады.
- Үшінші курс студенттеріне бірінші өндірістік практикасы өткізіледі. Онда студенттер құрылыс процессімен танысады және жобалаудың алғышарттарын үйренеді.
- Төртінші курс студенттеріне екінші өндірістік практикасы өткізіледі. Онда студенттер ғимараттар мен имараттарды жобалауды жалғастырады.
- Бесінші курс студенттеріне дипломалды практикасы өткізіледі. Онда студенттер дипломдық жобаға қажетті барлық ақпараттарды алады.
"Сәулет" кафедрасы бірқатар озық сәулет-құрылыс мекемелерімен келісім шарт жасасқан, мәселен:
- «Модерн-проект» ЖШС, Шымкент қаласы.
- «Купол» ЖШС, Шымкент қаласы.
- «Атриум-АС» ЖШС, Шымкент қаласы.
- «Таң-1» ЖШС, Шымкент қаласы.
- «Сани» ЖШС, Шымкент қаласы.
- және т.б.
Төменде кейбір мекемелермен келісім шарт тіркелген.