6B06141 Виртуалды шындықты модельдеу және құру
AI for Kazakhstan: Industry 5.0 Solutions»
2026 жылғы 25 наурызда AI for Kazakhstan: Industry 5.0 Solutions» аймақтық университеттік AI-хакатонын өткізу«Digital Qazaqstan 2026» аясында Шымкент қаласында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Компьютерлік инженерия және Энергетика» жоғары мектебі «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасы, «Виртуалды шындықты модельдеу және құру»білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар жобаға қатысып, 2-ші орынға ие болып 200 000тг көлемінде сыйақы алды. «Digital Qazaqstan 2026» аясында аймақтық университеттік AI-хакатон өткізу келесі бағыттарға негізделген:
• жастардың технологиялық бастамаларын қолдау;
• басым салаларда AI қолданудың практикалық дағдыларын дамыту;
• университеттерді ұлттық цифрлық күн тәртібіне енгізу;
• перспективалы стартап-жобаларды анықтау және қолдау.
"500" ғалым бағдарламасы бойынша грант иегерлерін құттықтаймыз! «500 ғалым» бағдарламасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында отандық ғалымдардың кәсіби құзыреттерін дамыту мақсатында бекітілген болатын. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның 2023 жылғы 20 желтоқсандағы шешіміне сәйкес М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 16 оқытушысы «500 ғалым» бағдарламасы бойынша шәкіртақы иегері атанды.Оның ішінде, АКТ кафедрасының аға оқытушысы - Тұрғанбекова Мадина Мырзабекқызы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Тұрғанбекова Мадина ғылыми тағылымдамадан АҚШ-та Иллинойс штаты, Иллинойс университетінің Жаһандық білім және оқыту кеңсесінде (GET) өтетін болады. Ғылыми тағылымдама бағдарламасы «Ақпараттық технолгоиялар мен жүйелер: улкен деректерді талдау, сала бойынша болжамды талдау» мамандандыру саласындағы зерттеулерге бағытталған. Бағдарлама стипендиттарды Иллинойс штатындағы деректер ғылымы, визуализация және машиналық оқыту салаларындағы мықты мамандармен таныстырады. Бағдарлама тақырыбы: Деректер туралы ғылым және машиналық оқыту.







*Шаймерденова Гулдана Смахуловна («Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының доценті, PhD доктор)



«500 ғалым» бағдарламасы бойынша стипендия иегерлерін құттықтаймыз!
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының 2024 жылғы 23 желтоқсанындағы шешімінің қорытындысы бойынша М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің («Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Тоқтарова Айгерім «500 ғалым» бағдарламасы аясында Германия мен АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия иегері атанды.



23.06.2025 – 05.07.2025
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы М.Әуезов атындағы ОҚУ «Халықаралық қысқы мектеп» бойынша ««Жасанды интеллектті қолдана отырып, заманауи автоматтандырылған бақылау және басқару жүйелері»» бағытында 90 сағат ішінде біліктілігін арттырудан өтті.
08.12.2025 – 19.12.2025
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы М.Әуезов атындағы ОҚУ «Халықаралық қысқы мектеп» бойынша ««Цифрлық Қазақстан: жасанды интеллект – өсудің қозғаушы күші»» бағытында 90 сағат ішінде біліктілігін арттырудан өтті.
20.01.2025 – 31.01.2025
«Ақпараттық коомуникациялық технологиялар» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы М.Әуезов атындағы ОҚУ «Халықаралық қысқы мектеп» бойынша «Жасанды интеллект пен ақпараттық технологиялардың инновациялық перспективалары» бағытында 90 сағат ішінде біліктілігін арттырудан өтті.
03.02.25-14.02.25
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Теміртау қаласындағы «Асқар» Кәсіби Даму Орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жасанды интеллект және нейрожелілер :мәтіндер мен креативтер құрастыру» тақырыбы бойынша 80 сағат ішінде біліктілігін арттырудан өтті.
21.10.24-01.11.24
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы М.Әуезов атындағы ОҚУ «Цифрлық сауаттылық және онлайн оқыту әдістері» тақырыбында 72 сағат ішінде біліктілігін арттырудан өтті.
07.10.24-18.10.24
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы М.Әуезов атындағы ОҚУ «Жоғары оқу орнында икклюзивті білім беру және оқыту» тақырыбында 72 сағат ішінде біліктілігін арттырудан өтті.
25.03.24-06.04.24
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» тақырыбында 72 сағат ішінде біліктілігін арттырудан өтті.
10.01.22-29.01.22
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы Синергия университеті «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»тақырыбында ағылшын тілінде 72 сағат ішінде біліктілігін арттырудан өтті.
01.09.21-14.09.21
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы" Құмарбек Даукеев атындағы Алматы университеті "«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» тақырыбында 72 сағат ішінде біліктілігін арттырудан өтті.
08.06.20-19.06.20
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы М.Әуезов атындағы ОҚУ «Пән мен тілді кіріктіріп оқыту (CLIL) әдісі» тақырыбында 72 сағат ішінде біліктілігін арттырудан өтті.






«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасында академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру және іске асыру кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына, жоғары оқу орындары студенттерінің академиялық ұтқырлығы тұжырымдамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы СМЖ ОҚУ PR 7.11–2024 «Студенттердің академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру» ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіруде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы маңызды рөл атқарады. Аталған орталық кафедра студенттері мен оқытушыларының академиялық алмасу және ұтқырлық бағдарламаларына қатысуына жан-жақты қолдау көрсетеді.Академиялық ұтқырлық – Ақпараттық технологиялар және энергетика жоғары мектебін дамытудың стратегиялық басым бағыттарының бірі. Қазіргі таңда жоғары мектеп аясында ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламалары табысты жүзеге асырылып келеді. Бұл бағдарламалар студенттердің кәсіби білімін кеңейтуге, тәжірибе алмасуына, ғылыми-танымдық әлеуетін арттыруға және білім беру кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға мүмкіндік береді.Атап айтқанда, 6В06141 – «Виртуалды шындықты модельдеу және құру» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын студенттер академиялық ұтқырлық аясында түрлі семинарларға, ақпараттық күндерге, кәсіби бағыттағы кездесулерге, сондай-ақ біліктілік емтихандарына тұрақты түрде қатысып келеді. Мұндай іс-шаралар студенттердің заманауи ақпараттық технологиялар саласындағы білімін тереңдетіп қана қоймай, олардың жаңа білім беру және ғылыми ортаға бейімделуіне, кәсіби көкжиегін кеңейтуіне зор ықпал етеді.Алдағы уақытта кафедра студенттерінің академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу мүмкіндігін одан әрі кеңейту мақсатында Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамыту жоспарлануда. Атап айтқанда, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты, Сүлеймен Демирел университеті және Satbayev University сынды жоғары оқу орындарымен академиялық мобильді алмасу бағдарламаларын жүзеге асыру көзделуде.Осындай серіктестік байланыстар кафедра студенттеріне еліміздің үздік университеттерінде білімін жетілдіруге, жаңа академиялық ортада тәжірибе жинақтауға, кәсіби және тұлғалық дамуына жаңа серпін алуға мүмкіндік береді. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары болашақ мамандардың сапалы білім алуына, ғылыми ізденіске бейімделуіне және еңбек нарығында сұранысқа ие білікті маман болып қалыптасуына негіз болады.
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
- М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
- Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
- Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты
- Сүлеймен Демирел университеті және Satbayev University
1-курста көлемі 1–2 кредит болатын оқу практикасы;
2-курста көлемі 3–5 кредит болатын өндірістік практика;
3-курста көлемі 4–6 кредит болатын өндірістік практика;
4-курста көлемі 8 кредит болатын диплом алдындағы практика.
Практика базалары ретінде өңірдегі IT-сектор және оған іргелес салалар кәсіпорындары мен ұйымдары қызмет етеді.
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасында практиканың барлық түрлерін ұйымдастыру және өткізу үшін практика бағдарламалары мен практикалық тапсырмаларды орындауға арналған оқу-әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, үнемі жаңартылып отырады және практика базаларымен келісілген. Кәсіби практика бағдарламаларының мазмұны ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерін, кәсіпорындарда қолданылатын инновациялық технологиялар мен цифрлық құралдарды, соның ішінде виртуалды және толықтырылған шынайылық технологияларын және бағдарламалық инженерияны қамтиды.Білім беру үдерісінің инновациялық элементі ретінде өңірдің жетекші кәсіпорындары мен ұйымдары базасында құрылатын оқу-ғылыми-өндірістік кешендерде (ОҒӨК) білім алушыларды даярлау ұйымдастырылады. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасы «Kaz MBS» ЖШС, «Digital Road» ЖШС, «Баланс Сервис» ЖШС ұйымдарымен ОҒӨК құру туралы келісімдер жасасуды жоспарлап отыр. ОҒӨК базасында оқу үдерісін жүзеге асыру кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын тиімді пайдалануға, тәжірибелі мамандарды оқу үдерісіне тартуға және білім алушыларды даярлаудың практикалық бағыттылығын күшейтуге мүмкіндік береді.Практиканы жоспарлау және ұйымдастыру қалыптасатын кәсіби құзыреттердің бірізді кеңеюі мен күрделенуін, білім алушыларды негізгі еңбек функцияларын орындауға кешенді дайындауды және практикалық дайындықтың теориялық оқытумен тұрақты байланысын қамтамасыз етеді. Практика қорытындысы бойынша білім алушылар есеп тапсырады, ол практика жетекшісімен тексеріліп, кафедра комиссиясы алдында қорғалады. Қорғау нәтижелері баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша сараланған сынақ түрінде бағаланады. Практиканы өткізу қорытындылары кафедра отырыстарында талқыланады, сондай-ақ білім алушылар мен практика базалары өкілдерінің сауалнамалары және жұмыс берушілермен дөңгелек үстелдер өткізу арқылы сарапталады. Барлық практика түрлерін меңгерудің нәтижесі – білім беру бағдарламасы түлектерінің практикалық кәсіби құзыреттерінің қалыптасуы.
-
ЖШС «Kaz MBS» – Ақпараттық технологиялар мектебі.
-
ЖШС «Digital Road» – Цифрлық технологияларды дамыту орталығы.
-
ЖШС «Баланс сервис» – Ақпараттық қызметтер орталығы.


















































