6B06140 Математикалық және компьютерлік моделдеу
Жалпы мәліметтер
- Кафедраның оқытушылар құрамы баспа қызметімен белсенді айналысады. Кафедра жыл сайын әртүрлі журналдар мен конференциялар жинақтарында 112-ден астам мақала жариялайды.
- Кафедраның орықталу дәрежесі 50 % - дан асады. Оның ішінде-4 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты және 3 PhD(философия докторы). Қалған оқытушылар-Ақпараттық технологиялар саласындағы магистрлер.
- Кафедрада келесі мемлекеттік бюджеттік тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде:
- ҒЗЖ МБ 21-01-01 қазіргі заманғы ақпараттық жүйелерді ғылыми-техникалық және жобалық қолдаудың өзекті мәселелері (т. ғ. д., профессор Ху Вен-Цен жетекшілік етеді)
- ҒЗЖ ГБ 21 02-01 фазалардың өзара әрекеттесуімен технологиялық және табиғи процестердің математикалық модельдерін құру (ф.-м. ғ. д., профессор Т. Р. Аманбаев жетекшілік етеді)
- 2021-2026 жылдары педагогтар гранттық конкурстарға 6 өтінім берді.
- Қорғау құжаттарын: патенттерді, пайдалы модельдерге патенттерді және компьютерлерге арналған бағдарламаларға авторлық куәліктерді алу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Соңғы тіркелген патенттер:
- Дисперсті материалдарға арналған кептіргіш. Пайдалы модельге Патент. Исмаилов Б.Р. және т. б. №7918, 2023ж.
- Құйынды шаң жинағыш. Пайдалы модельге Патент. Исмаилов Б.Р. және т. б. №7920, 2023ж.
- Ылғал құйынды шаң жинағыш. Пайдалы модельге Патент. Исмаилов Б.Р. және т. б. №7921, 2023ж.
- Кейбір авторлық куәліктер: Куәліктер
- Кафедра оқытушылары өткізген ҒЗЖ нәтижелері бойынша оқу процесі мен өндіріске енгізудің 25 актісі дайындалды.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жанындағы «Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасы білім беру және ғылыми-зерттеу қызметінде жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.
- Түркістан қаласында Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ұйымдастыруымен 2026 жылдың 25-26 ақпан күндері «Цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріндегі қаржылық қауіпсіздік» өңіраралық хакатонға 142 команда, 400-ге жуық қатысушы тіркелді. Қатысушылар бес негізгі бағыт бойынша жобалары ұсынылды.
- «AI Digital Trace – Telegram платформасындағы заңсыз сатушыларды анықтау» бағыты бойынша Б.П.Хайтбаев (ИП-22-3к3 тобы), С.Қазыбекқызы және Б.С.Нариманов (ИП-23-3к3 тобы) 3-орын иеленді және 300 мың тенге сыйақымен марапатталды.
- «Мемлекеттік сатып алуларды AI-талдау» бағыты бойынша ИП-22-3р тобының студенттері С.И.Бондарев пен К.Г.Айрапетянц 3-орын иеленді және 300 мың тенге сыйақымен марапатталды.
- 2025 жылдың 17-18 сәуір күндері Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы Энергетика және Байланыс Университетінде өткен Республикалық пәндік олимпиадада "Ақпараттық жүйелер" мамандығының студенттері жүлделі III орынды иеленді!
- Олимпиадаға Тілеуов Г. Е. мен Изтаев Ж. Д. жетекшілігімен студенттер Хайтбаев Б. П., Өмірбек Д. Е., және Шарапов А. С. білім мен біліктіліктерін жоғары деңгейде білді.
- 2025 жылы 6 – 8 желтоқсан аралығында Шәкәрім университетінде «AI-Sana Shakarim Solveathon: AI & Agriculture-2025» атты хакатон болып өтті.
- Біздің университет атынан «Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасы аға оқытушысы Тилеуов Гамидулла Есболович топ басшысы, ИП 23-3к3 тобы студенттері Қазыбекқызы Салтанат, Маратұлы Ұлан, ИП 22-6тк тобы студенттері Есенгельдиев Алибек топ мүшелері ретінде қатысты.
- 11.2025 жылы М.Әуезов атындағы ОҚЗУ өткен спортакиадада ИП 24-3к3 тобы студенттері Сейдуалы Бейас, Қанат Асхат, Жандаралы Досымжан арқан тартыстан 1 орын, Сағат Жанболат Жоғары мектеп студенттерінің командасында Футболдан 2 орын иеленді.



Жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың дамуындағы заманауи үрдістерді ескере отырып, «Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасында профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Кафедра оқытушылары жыл сайын жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және деректерді талдау салаларындағы жетекші орталықтар ұйымдастыратын біліктілікті арттыру курстарына, шеберлік сыныптарына және тренингтерге қатысады. Аталған іс-шаралар кәсіби құзыреттерді жетілдіруге, жасанды интеллекттің заманауи әдістерін, машиналық оқытуды, үлкен деректерді талдауды меңгеруге, сондай-ақ зияткерлік технологияларды білім беру және ғылыми-зерттеу үдерістеріне енгізуге бағытталған.
Біліктілікті арттыру аясында кафедраның 7 оқытушысы 2024 жылғы 09 желтоқсан мен 2025 жылғы 15 қыркүйек аралығында IT-мектеп Product Bee (Астана қ.) және Astana Hub базасында ұйымдастырылған 9 айлық «Жасанды интеллект. Базалық курс» білім беру бағдарламасын табысты аяқтады.
Бағдарламаға қатысушылар қатарында:
• қауымдастырылған профессор Изтаев Ж.Д.;
• доцент Маханова З.А.;
• профессор Умарова Ж.Р.;
• аға оқытушы Ельбергенова Г.Ж.;
• аға оқытушы Тилеуов Г.Е.;
• оқытушы Сулеймен О.М.;
• оқытушы Абдусалиев Н.А.
Оқу барысында оқытушылар жасанды интеллект жүйелерін әзірлеу мен енгізудің заманауи тәсілдерін, оның ішінде машиналық оқыту технологияларын, деректерді талдауды, зияткерлік шешімдерді әзірлеуді және білім беру үдерісінде AI-құралдарын қолдануды меңгерді.
Сонымен қатар, жоғары мектеп пен университет базасында цифрландыру және жасанды интеллекттің өзекті мәселелеріне арналған қысқы мектептер тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы келесі білім беру бағдарламаларына белсенді қатысты:
• «Жасанды интеллект пен ақпараттық технологиялардың инновациялық перспективалары» (20.01–31.01.2025);
• «Цифрландыру жағдайындағы жаратылыстану ғылымдары және педагогикалық инновациялар» (20.01–31.01.2025);
• «Жасанды интеллектті қолдана отырып, бақылау мен басқарудың заманауи автоматтандырылған жүйелері» (23.06–05.07.2025);
• «Цифрлық Қазақстан: жасанды интеллект өсудің қозғаушы күші ретінде» (08.12–19.12.2025).
Сондай-ақ профессор Умарова Ж.Р. мен доцент Кожабекова П.А. 2025 жылғы 24–28 ақпан аралығында Murdoch University (БАӘ) базасында өткен «Using AI for Redefinition in Teacher Training: SAMR Model» атты халықаралық біліктілікті арттыру бағдарламасынан өтіп, білім беру, ғылыми зерттеулер және инженерлік міндеттер саласында жасанды интеллектті қолданудың заманауи тәсілдерін зерделеді.
2026 жылғы 23 ақпан мен 6 наурыз аралығында кафедраның 8 оқытушысы М. Әуезов атындағы ОҚУ базасында ұйымдастырылған «Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар» атты біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Осылайша, «Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасы оқытушылардың жасанды интеллект саласындағы біліктілігін арттыруға басымдық береді. Жүргізіліп отырған жұмыс заманауи білім беру технологияларын енгізуге, ғылыми зерттеулерді дамытуға және цифрлық экономика мен зияткерлік жүйелерді дамыту талаптарына сәйкес 6В06121 – «Жасанды интеллект технологиялары» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларды даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ықпал етеді.


«Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасының оқытушылар-профессорлық құрамының 2023-2025 жылдарға перспективалық біліктілікті жоғарылату жоспары
|
№ |
Оқытушының аты-жөні |
Қызметі, ғылыми- дәрежесі |
ЖОО жұмыс стажы |
Соңғы біліктілігін арттырған орны мен мерзімі |
Біліктілікті арттыратын ББ атауы |
Біліктілікті арттыру орны және мерзімі |
|
1 |
Көпжасарова Асылзат Ауезқызы |
аға оқытушы, PhD докторы |
13жыл |
М.Әуезов ат. ОҚУ курсы, желтоқсан, 2021ж.
|
6В06140 –Математикалық және компьютерлік модельдеу |
М.Әуезов ат. ОҚУ курсы, 2024ж. маусым
|
|
2 |
Аманбаев Төлеген Рахманович |
ф.-м.ғ.д., профессор |
44 жыл |
М.Әуезов ат. ОҚУ курсы, маусым ,2021ж.
|
6В06140 -Математикалық және компьютерлік модельдеу |
М.Әуезов ат. ОҚУ курсы, 2024ж. қаңтар
|
|
3 |
Тилеуов Гамидулла Есболович |
магистр, ағаоқытушы |
15 жыл |
Инновациялық білім беру орталығы, Шымкент қ. желтоқсан, 2021ж. |
6В06140 –Математикалық және компьютерлік модельдеу |
Қ.Ясауи атын. ХҚТУ курстары, Түркістан қ. 2024ж. қараша |
|
4 |
Жолшиева Альмира Зұлпұқаровна |
магистр, аға оқытушы |
18 жыл |
Инновациялық білім беру орталығы, Шымкент қ. қаңтар, 2022 ж. |
6В06140 –Математикалық және компьютерлік модельдеу |
М.Әуезов атын. ОҚУ курстары, 2024 ж. желтоқсан |
|
5 |
Исмаилов Бахтияр Рашидович |
т.ғ.д.,профессор |
46 жыл |
М.Әуезов ат. ОҚУ курсы, маусым, 2021ж.
|
6В06140 –Математикалық және компьютерлік модельдеу |
М.Әуезов ат. ОҚУ курсы, 2024ж. қаңтар
|
|
6 |
Иманбаева Айгуль Баратовна |
ф.-м.ғ.к.,доцент |
32 жыл |
М.Әуезов ат. ОҚУ курсы, ақпан, 2022ж.
|
6В06140 –Математикалық және компьютерлік модельдеу |
Қ.Ясауи ат. ХҚТУ, Түркістан қ., 2025ж. қаңтар
|
|
7 |
Абдусалиев Нурислам Алдияруғли |
магистр, оқытушы |
1 жыл |
М.Әуезов атын. ОҚУ магистратура 7М06140-Информатика (ғылыми) 2020-2022 ж.ж. |
6В06140 -Математикалық және компьютерлік модельдеу |
М.Әуезов атын. ОҚУ курстары, 2023ж. желтоқсан |
|
8 |
Сүлеймен Олжас Мұратұлы |
магистр, оқытушы |
- |
М.Әуезов атын. ОҚУ магистратура 7М06140-Информатика (ғылыми) 2021-2023 ж.ж. |
6В06140 -Математикалық және компьютерлік модельдеу |
М.Әуезов атын. ОҚУ курстары, 2025ж. желтоқсан |
«Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы
ҒЗЖ мақсаты: Ақпараттық жүйелер, жасанды интеллект және компьютерлік модельдеу саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту.
ҒЗЖ міндеттері:
- ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі өткізетін ғылыми гранттар мен нысаналы қаржыландыру бағдарламаларының
- конкурстарына қатысу.
- Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді, оның ішінде мемлекеттік бюджеттік және бастамашыл тақырыптарды орындау.
- Ғылыми нәтижелерді отандық және шетелдік рецензияланатын басылымдарда жариялау.
- Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін оқу үдерісіне және өндіріске енгізу.
- Білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту.
- Отандық және шетелдік оқу орындары және ғылыми орталықтармен ғылыми ынтымақтастықты дамыту.


«Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасы
Кафедрада академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру және жүзеге асыру келесі нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі:
– кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары;
– Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары білім алушыларының академиялық ұтқырлығы тұжырымдамасы;
– СМЖ ЮКУ ПР 7.11–2020 «Студенттердің академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру».
Алмасу бағдарламаларын үйлестіруді Болон үдерісі және академиялық ұтқырлық орталығы жүзеге асырады. Бұл орталық білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамының ұлттық және халықаралық бастамаларға қатысуына қолдау көрсетеді.
Академиялық ұтқырлықтың стратегиялық рөлі
Академиялық ұтқырлық «Компьютерлік инженерия және энергетика» жоғары мектебін дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Келесі бағыттар жүзеге асырылады:
✔ Ішкі ұтқырлық (Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында оқу)
✔ Сыртқы ұтқырлық (шетелде бір семестр немесе академиялық кезең оқу)
✔ Шетелдік шақырылған лекторлар
✔ Қысқы және жазғы мектептер
Төмендегі білім беру бағдарламаларының бакалавриат және магистратура студенттері семинарларға, ақпараттық күндерге және академиялық ұтқырлық бағдарламаларына тұрақты түрде қатысады:
- 6B06120 – Ақпараттық жүйелер
- 7M06120 – Ақпараттық жүйелер
- 6B06140 – Математикалық және компьютерлік модельдеу
- 7M06140 – Математикалық және компьютерлік модельдеу
- 6B06121 – Жасанды интеллект технологиялары
Кафедраның халықаралық серіктестігі
Кафедра шетелдік және отандық жоғары оқу орындарымен тұрақты академиялық байланыстар орнатқан.

Жыл сайын шетелдік профессорлар мен сарапшылар дәріс оқу және шеберлік сабақтарын өткізу үшін шақырылады. Шақырылған лекторлардың қатарында келесі жетекші ғалымдарды атап өтуге болады:
Профессор Нур Изура Удзир (Universiti Putra Malaysia, Малайзия),
Профессор Шамсоллах Гандбари (Islamic Azad University, Иран),
Профессор Юсмади Джусох (Universiti Putra Malaysia, Малайзия),
Профессор Фатима Халид (Universiti Putra Malaysia, Малайзия),
Профессор Масра Азрифа (Universiti Putra Malaysia, Малайзия).
Студенттердің академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру
6B06120 «Ақпараттық жүйелер», 7M06120 «Ақпараттық жүйелер», 6B06140 «Математикалық және компьютерлік модельдеу», 7M06140 «Математикалық және компьютерлік модельдеу», 6B06121 «Жасанды интеллект технологиялары» білім беру бағдарламалары аясында кафедрада студенттердің ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлығы белсенді түрде жүзеге асырылады.
Кафедра студенттері жыл сайын Қазақстан Республикасының жетекші жоғары оқу орындарында, сондай-ақ шетелдік университеттерде білім алып, халықаралық академиялық тәжірибе жинақтайды және ақпараттық технологиялар мен модельдеу саласындағы заманауи тәсілдерді меңгереді.
Ішкі академиялық ұтқырлық шеңберінде студенттер Қазақстанның жетекші техникалық жоғары оқу орындарында білім алып, ақпараттық жүйелер, цифрлық технологиялар және қолданбалы бағдарламалау бағытындағы пәндерді игереді.
Сыртқы академиялық ұтқырлық келесі шетелдік университеттерді қамтиды:
- Brno University of Technology (Чехия) — ақпараттық технологиялар және инженерлік жүйелер бағыттары;
- Universiti Putra Malaysia (Малайзия) — заманауи IT шешімдері мен бағдарламалық инженерия;
- Chemnitz University of Technology (Германия) — компьютерлік модельдеу және бағдарламалық жүйелерді әзірлеу;
- University of Lodz (Польша) — ақпараттық жүйелер және деректерді талдау;
- Halic University (Түркия) — IT және цифрлық платформалардың қолданбалы аспектілері.
Кафедра студенттерінің академиялық ұтқырлығының географиясы Еуропа және Азия елдерін қамтиды, оның ішінде Чехия, Германия, Польша, Түркия және Малайзия бар.
Мұндай білім беру бағыттарының әртүрлілігі келесілерді қамтамасыз етеді:
- студенттердің халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялануын;
- озық білім беру технологияларын меңгеруін;
- көпмәдениетті ортада кәсіби құзыреттерінің дамуын;
- шетел тілдерін меңгеру деңгейінің артуын;
- әртүрлі білім беру жүйелеріне бейімделу дағдыларының қалыптасуын.
Студенттердің меңгерген пәндерінің кафедраның білім беру бағдарламаларына сәйкестігіне ерекше көңіл бөлінеді, бұл олардың оқу нәтижелерін толық қайта есептеуге мүмкіндік береді.





2025-2026 оқу жылының академиялық күнтізбесіне және оқу жоспарына сәйкес «Ақпараттық жүйелер және модельдеу» кафедрасының 6В06120-«Ақпараттық жүйелер», 6В06140-«Математикалық және компьютерлік модельдеу», 6В06121-«Жасанды интелект технологиялары» білім беру бағдарламалары бойынша өндірістік практика
Өндірістік практиканың негізгі мақсаты – практика жүргізілетін ұйым, мекеме немесе кәсіпорынның қызметін жан-жақты зерттеу негізінде білім алушылардың жоғары оқу орындарында алған теориялық білімдерін нақты өндірістік жағдайларда бекіту және дамыту болып табылады. Бұл процесс студенттерге кәсіптік іс-әрекетке қажетті дағдылар мен тәжірибені қалыптастыруға, сондай-ақ кәсіби шешімдер қабылдау қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес, практиканың бірнеше түрі қарастырылған: оқу практика, өндірістік I-II практика, дипломдық немесе өндірістік практика.
6В06140-«Математикалық және компьютерлік модельдеу» БББ бойынша практика базалары
- «Digital Road» Shimkent Hup ЖШС, Шымкент қаласы Қонаева 20/1
- «Nur-Com-Tel» ЖШС, Шымкент қаласы, Жайсан көшесі 136 үй
- «Азаматтарға арналған үкімет» комерциялық емес АҚ, Шымкент қаласы филиалы Дулати 3
- «Болашақ колледж» комерциялық емес АҚ, Шымкент қаласы Байтұрсынова 74а
- «БТ сом» ЖШС, Шымкент қаласы,
- «South лидер» ЖШС, Түркістан обл. Ленгер қаласы
- «Бірлескен кәсіпорын ЗАРЕЧНОЕ» АҚ, Шымкент қаласы
- «Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» ММ, Түркістан облысы
- «Grand Merei» ЖШС, Шымкент қаласы Қасымбек Датөа, ул Мусаева 8
- «Qazaq Gaz Stroy» ЖШС, Шымкент қаласы
- «IT Invest group» ЖШС, Шымкент қаласы
- «BAIJUMAN CONSTRUCTION» ЖШС, Шымкент қаласы
- «BF-Group KZ, строительная компания» ЖШС, Шымкент қаласы
- «Egov Systems» ЖШС, Шымкент қаласы
- «Теориялық және қолданбалы математика» ҒЗО, М.Ауезов атындағы ОҚУ, Шымкент қаласы, Тауке Хана 5
6В06140 – Математикалық және компьютерлік модельдеу білім беру бағдарламасы студенттерін жұмыспен қамту
6В06140 – Математикалық және компьютерлік модельдеу білім беру бағдарламасы қазіргі заманғы цифрлық экономика талаптарына толық сәйкес келетін, талдау, болжау және модельдеу саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Бағдарлама түлектері еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие және ғылым, ІТ, қаржы, өндіріс салаларында табысты жұмыс істеуде.
Жұмыспен қамтылу деңгейі
Білім беру бағдарламасы түлектерінің жұмыспен қамтылу көрсеткіші жыл сайын артып келеді. Түлектердің басым бөлігі оқу бітіргеннен кейін алғашқы 3 ай ішінде мамандығы бойынша жұмысқа орналасады. Бұл көрсеткіш оқу үдерісінің практикалық бағытталғандығын және білім сапасының жоғары деңгейін дәлелдейді.

Жұмыс берушілермен байланыс
Кафедра жетекші ІТ-компаниялармен, ғылыми-зерттеу орталықтарымен, қаржы ұйымдарымен және өндірістік кәсіпорындармен тығыз байланыс орнатқан. Қазіргі уақытта түлектер келесі жетекші ұйымдарда табысты еңбек етуде:
- «Теориялық және қолданбалы математика» ғылыми орталығы
- KazMBS ақпараттық технологиялар мектебі
- «Энерго импульс оқу-орталығы» ЖШС
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Шымкент қаласы
- Отырар ауданы жерқатынастары мемлекеттік мекемесі
- «РЦКУ-Шымкент» ЖШС
Негізгі жұмыс бағыттары
Бағдарлама түлектері келесі бағыттар бойынша қызмет атқарады:
- математикалық және имитациялық модельдеу
- деректерді талдау және болжау (Data Analyst, Data Scientist)
- жасанды интеллект және машиналық оқыту жүйелерін әзірлеу
- қаржылық және экономикалық модельдер құру
- ғылыми-зерттеу және инженерлік есептерді шешу
- өндірістік процестерді модельдеу және оңтайландыру
6В16140 - Математикалық және компьютерлік модельдеу білім беру бағдарламасы түлектерінің жоғары жұмыспен қамтылу деңгейі – білім сапасының, оқыту әдістерінің заманауилығының және жұмыс берушілермен тиімді ынтымақтастықтың нәтижесі. Бағдарлама студенттерге тек теориялық білім беріп қана қоймай, оларды нақты кәсіби ортада күрделі есептерді шешуге қабілетті маман ретінде қалыптастырады.




