6B06140 Математикалық және компьютерлік моделдеу

БББ ПАСПОРТЫ

БББ атауы

6В06140-«Математикалық және компьютерлік моделдеу»

Білім беру саласының коды және сыныптамасы

6B06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Дайындық бағыттарының коды және жіктелуі

6B061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Білім беру бағдарламалар тобы

В057 Ақпараттық технологиялар

Оқыту тілі

Қазақша, орысша

БББ көлемі

240 кредит

Білім беру бағдарламасының айрықша ерекшеліктері

-

Серіктес-ЖОО (ҚББ)

-

БББ мақсаты

Қоғамның, мемлекеттің және бизнестің қажеттіліктеріне сәйкес қолданбалы міндеттерді талдауға, болжауға, модельдеуге және шешуге қабілетті IT саласында сыни ойлауы мен озық білімі бар жоғары білікті және сұранысқа ие мамандарды даярлау.

Берілетін дәреженің аталуы

«Ақпараттық–коммуникациялық технологиялар саласының бакалавры»

Кәсіби қызмет саласы

- Экономикалық қызметтің түрлі салаларында автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді пайдаланатын мемлекеттік және жеке кәсіпорындар мен ұйымдар.

-Ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді зерттеу, жобалау, әзірлеу, тестілеу, енгізу және сүйемелдеу

Оқыту нәтижелері

ОН1Кәсіби ортада және социумда академиялық жазу принциптері мен академиялық адалдық мәдениетін ескере отырып қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру.

ОН2Кәсіби қызметте жаратылыстану-ғылыми, математикалық, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және инженерлік білімді, мәліметтерді математикалық өңдеу әдістерін, ғылыми және эксперименттік зерттеулерді, нормативтік құжаттар мен экономикалық талдаудың элементтерін көрсету.

OН3Модельдерді құру, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау кезінде ақпаратты талдау және қорытындылау.

ОН4Бастапқы және шекаралық шарттарды, бастапқы деректерді анықтау, математикалық және компьютерлік модельдеу процесінде нәтижелерді алу және бағалау.

ОН5Бағдарламалау орталарын қолдану: С++-ресурстарды қажет ететін технологиялар және минималды өнімділігі бар құрылғылардағы мәселелерді шешу үшін, Java EE, РНР- Internet үшін интерактивті өнімдерді әзірлеу кезінде, iOS, Android, WP, Tisen-Мобильді қосымшаларды әзірлеу кезінде, бұлтты ресурстарды жоспарлау және басқару, бұлтты ұйымның бизнес талаптарын ескере отырып шешімдерді жобалау.

ОН6Корпоративтік мүдделер мен корпоративтік этиканы сақтауды қамтамасыз ететін заманауи зерттеу әдістерін қолдана отырып, әртүрлі салаларда математикалық және компьютерлік модельдер мен олардың компоненттерін әзірлеу.

ОН7Эксперименталды зерттеулерді жоспарлау, компьютерлік технологиялар мен модельдеудің заманауи әдістері негізінде алынған нәтижелерді интерпретациялау мен деректерді өңдеу.

ОН8Компьютерлік жүйелер мен желілерде ақпаратты қорғау құралдарын әкімшілендіру, оларды пайдалану кезінде ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету, әртүрлі құрылғыларда ақпараттық процестерді іске асыру кезінде ақпаратты техникалық қорғаудың оңтайлы әдістерін таңдау, АЖ-да ақпаратты қорғау жүйелерін енгізу.

ОН9Жобалық есептеулердің алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін ескере отырып математикалық және компьютерлік модельдердің ресурстарын пайдалану арқылы жобалар құру.

ОН10Қазіргі заманғы әдістерді ескере отырып, мәліметтер базасын, оның ішінде үлкен деректерді жобалау және басқару, үлкен деректерді сақтауды қамтамасыз ету, деректерді өңдеудің бағдарламалық құралдарын құру, ақпараттық процестерді басқару, аппараттық және бағдарламалық кешендерді сүйемелдеу.

ОН11Жеке және топ мүшесі ретінде тиімді жұмыс істей білу, өз бетінше іздену мен өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын көрсету және салауатты өмір салтын ұстану.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.