Жаңалықтар
«Денсаулық» спорт кешенін жаңғырту басталды
- Қаралды: 18
Шымкент тұрғындары мен студенттерге жақсы таныс «Денсаулық» спорт кешенінде («Спартак» алаңы) жөндеу және жаңғырту жұмыстары басталды. Құрылысты осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
30 жыл бойы күрделі жөндеу көрмеген кешенді жаңарту – университет басшылығы мен командасының маңызды бастамаларының бірі. Биыл шілде айында университеттің Басқарма төрағасы - ректоры Мұхтар Төлеген мен жауапты сала басшылары нысанның жағдайымен танысып, тұрғындар мен студенттердің ұсыныстарын, талап-тілектерін ескере отырып, осы жұмысты басты міндеттер қатарына енгізді.
Жоба аясында спорт алаңдары, ғимарат және кешен аумағы жаңартылады.
* Ашық спорт алаңдары. Үлкен футбол алаңына табиғи көгал төселіп, суды үнемдейтін автоматты суару жүйесі орнатылады. Үш шағын футбол алаңы, теннис корты, волейбол және баскетбол алаңдары, воркаут аймағы жасақталады. Жүгіру жолдарына соққыны бәсеңдететін тартан жабыны төселіп, көрермендерге арналған 712 орындық жаңа трибуна орнатылады. Аумақтың жарықтандыру жүйесі де жаңартылады.
*Спорт ғимараты. Екі қабатты кешеннің жылыту, желдету және жарықтандыру жүйелері жаңғыртылып, жылу оқшаулауы жақсартылады. Ерлер мен әйелдерге арналған жуыну бөлмелері толық жөнделіп, қажетті жабдықтармен қамтылады.
*Кешен аумағы. Аумақ абаттандырылып, жасыл желек отырғызылады, келушілерге қолайлы жағдай жасалады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында айқындаған бұқаралық спортты дамыту міндеті осындай нақты істер арқылы жүзеге асады. “Біздің ортақ мақсатымыз – студенттер мен қала тұрғындарының күнделікті спортпен айналысуына, денсаулығын нығайтуына мүмкіндік жасау”-дейді ректор.
Университет басшылығы мен жауапты мамандар жұмыстардың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын тұрақты бақылауда ұстайды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз