Әуезов университеті Arizona State University-мен академиялық байланыстарды дамытуда

 Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Arizona State University-дің стратегиялық серіктесі – Cintana Education компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Оған Cintana Education компаниясының академиялық мәселелер жөніндегі директоры Альберто Морено Мелгарехо және Орталық Азиядағы серіктестермен жұмыс жөніндегі директоры Сауле Шымшыкбаева қатысты.
 
Университеттің Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Төлеген бастаған академиялық қауымдастық өкілдері халықаралық білім беру саласындағы өзара іс-қимылдың басым бағыттарын талқылады. Кездесу барысында Arizona State University білім беру бағдарламаларын университеттің оқу үдерісіне енгізу, «3+1» білім беру траекториясы аясында пәндерді өзара қайта есептеу тетіктері және академиялық байланыстарды кеңейту мәселелері сөз болды. Сондай-ақ қонақтар «Өнеркәсіптік технологиялар және инжиниринг» XIII халықаралық конференциясына қатысып, университеттің ғылыми-білім беру әлеуетімен танысты.
 
Arizona State University және Cintana Education компаниясымен академиялық байланыстарды дамыту университеттің халықаралық даму стратегиясындағы маңызды бағыттардың бірі. Бұл бастамалар білім беру сапасын арттыруға, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктерін кеңейтуге және білім алушылардың халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялануына жол ашады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.