Жаңалықтар
Ғылымнан өндіріске
- Қаралды: 10
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде өткен «Өнеркәсіптік технологиялар және инжиниринг» XIII халықаралық ICITE 2026 конференциясы аясындағы іс-шаралар жалғасын тапты. Кезекті басқосу университет, ғылыми қауымдастық және өндірістік кәсіпорындар арасындағы байланысты нығайтуға арналды.
Конференция аясында ұйымдастырылған «Өнеркәсіп пен ғылым» HUB сессиясына университет басшылығы, ғалымдар, ғылыми-зерттеу ұйымдарының және өндіріс орындарының өкілдері қатысты. Кездесуде ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу, зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру, бірлескен жобаларды іске асыру және кәсіпорындардың сұранысына сай мамандар даярлау мәселелері талқыланды.
Сессия барысында университет пен «KAZ Glass pro» ЖШС, «Сарыарка-ҚҚ» ЖШС және «Завод Авангард» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Құжаттар ғылыми және өндірістік әлеуетті біріктіріп, ортақ жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Сонымен қатар университеттің ғылыми-инновациялық әлеуеті таныстырылды. Қатысушылар ғылыми жобалар, зерттеу нәтижелері, патенттер мен коммерцияландыру бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат алды. Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру тетіктері, «Самұрық-Қазына» қорының R&D жобалары және бизнес пен ғылым арасындағы байланысты дамытуға арналған R&D порталының мүмкіндіктері қарастырылды.
Кездесуде ауыл шаруашылығы саласындағы «ALARKO HOLDING / ALSERA KZ» инвестициялық жобасы да таныстырылды. Бұдан бөлек, өндіріс орындарының кадр даярлау үдерісіне қатысуы, жұмыс берушілермен байланысты күшейту және білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының сұранысына бейімдеу мәселелеріне назар аударылды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз