Research and Publication ғылыми жарияланымдардың сапасы жөніндегі халықаралық диалог

 Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Өнеркәсіптік технологиялар және инжиниринг» тақырыбындағы XIII халықаралық ICITE-2026 конференциясы аясында Research and Publication халықаралық зерттеу семинары өтті.
Семинарға Universiti Putra Malaysia (Малайзия), Clarivate және Elsevier халықаралық компанияларының өкілдері, оқытушылар, ғылыми қызметкерлер мен жас зерттеушілер қатысты. Модератор Жарияланымдық белсенділік департаментінің директоры Жандос Серікұлы болды.
Семинар бағдарламасы ғылыми жарияланымды дайындаудың негізгі кезеңдерін қамтыды: мақала құрылымын қалыптастыру, деректерді ұсыну және визуализациялау, зерттеу этикасын сақтау, тиісті журналды таңдау және рецензиялаудан өту. Рецензенттердің ескертулерімен жұмыс істеуге, қолжазбаларды жетілдіруге және ғылыми нәтижелердің танылуын арттыру үшін талдамалық құралдарды пайдалануға ерекше назар аударылды.
Қатысушылар ғылыми басылымдармен өзара іс-қимылдың практикалық мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасты және халықаралық сарапшылардан мақалалар дайындау жөнінде ұсынымдар алды.
Жарияланымдық белсенділік департаменті ұйымдастырған семинар зерттеушілік құзыреттерді дамытуға, шетелдік әріптестермен және халықаралық компаниялардың өкілдерімен кәсіби байланыстарды нығайтуға ықпал етті.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.