Auezov University: Президент Жолдауы аясында алдағы міндеттер айқындалды

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын талқылаумен басталды.
Кеңес барысында университеттің Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Төлеген оқу орнының бірқатар ғылыми қауымдастық өкілдеріне ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ведомстволық төсбелгілерін, құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын салтанатты түрде табыстады. Сонымен қатар ұлттық және республикалық байқаулар мен сайыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, топ жарған білім алушыларды арнайы марапаттады.
Кеңестің күн тәртібінде университеттің 2026 жылғы түлектерін жұмысқа орналастыру, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды дамыту, university мұрағаты қызметінің жай-күйі, халықаралық және ұлттық рейтингтерге дайындық, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жетілдіру және цифрландыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ магистранттардың диссертация тақырыптары мен ғылыми жетекшілерін, докторанттардың ғылыми кеңесшілерін бекіту және қайта бекіту, профессор-оқытушылар құрамын «қауымдастырылған профессор (доцент)» және «профессор» ғылыми атақтарына, сондай-ақ мемлекеттік наградаларға ұсыну мәселелері талқыланды.
Бұдан бөлек, 2026-2027 оқу жылында студенттерге оқу ақысы бойынша жеңілдіктер беру, сондай-ақ университеттің ішкі нормативтік құжаттары мен ережелерін бекіту мәселелері қаралды.
Жиын соңында күн тәртібіндегі барлық мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылданып, құрылым басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.