Жаңалықтар
Батадан биік тілек жоқ: ел ағалары білім ордасында бас қосты
- Қаралды: 29
Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Мұхтар Төлеген өңірдің зиялы қауым өкілдері, ел ағалары мен ардақты ақсақалдармен жүздесті.
Ақ дастарқан басындағы тағылымды басқосуға Орынбай Рахманбердиев бастаған Шымкент қаласының Құрметті азаматтары, еңбек ардагерлері мен белгілі қоғам қайраткерлері: Шалатай Мырзахметов, Серікжан Сейтжанов, Бекет Тұрғараев, Жамалбек Шәріпбек, Кенжехан Төлебаев, Қуаныш Айтаханов және өзге де елге сыйлы тұлғалар қатысты.
Кездесуге келген зиялы қауым өкілдерінің көпшілігі осы қарашаңырақтың түлегі. Кезінде осында білім алып, үлкен өмірге қанат қаққан азаматтардың бүгінде туған білім ордасына ақжарма тілегін арнап, ақ батасын беруі – ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі.
Қазақ қашан да қариясын қазынаға, үлкеннің батасын ырысқа балаған. Осы дәстүрдің мәнін айшықтаған жүздесуде Мұхтар Әділбекұлы ел ағаларына құрмет білдіріп, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегелі жолының жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына тоқталды.
«Сіздердің әр сөздеріңізде өмірлік тәжірибе, әр ісіңізде кейінгі буынға үлгі бар. Біздің мақсатымыз – осы қарашаңырақтың абыройын асқақтатып, сіздер қалыптастырған жақсы дәстүрді жалғастыру, білімді де елжанды ұрпақ тәрбиелеу. Алдымызда үлкен міндеттер тұр. Сол жолда ақыл-кеңестеріңіз бен ақ баталарыңызды әрдайым қажет етеміз. Баталарыңызбен жүрген інілеріңіз боламыз», - деген ректор ел ағаларына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, университетпен рухани сабақтастықтың алдағы уақытта да жалғаса беретініне сенім білдірді.
Өз кезегінде сөз алған ел ағалары университетте жүзеге асып жатқан оң өзгерістерге ризашылықтарын білдіріп, Мұхтар Төлегеннің білім ордасының басшылығына келуін ұтымды шешім деп бағалады. Қазыналы қариялар ректордың жауапты қызметіне сәттілік тілеп, университеттің алар асуы биік, келешегі кемел болсын деген ақ тілектерін жеткізді. Сондай-ақ жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беру жолында өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, ортақ іске әрдайым үлес қосуға дайын екендерін білдірді.
Тағылымды басқосу күмбірлеген күй, әуезді әнмен әрленіп, кездесуге ерекше рухани реңк берді. Жиын барысында өңірдің дамуына, білім мен ғылымның өркендеуіне елеулі үлес қосқан бірқатар азаматқа «Абай Құнанбайұлы» және «Мұхтар Әуезов» төсбелгілері салтанатты түрде табысталды.
Кездесу соңында ардақты қонақтарға университет ректорының атынан арнайы сый-сияпаттар табысталып, қазақы дәстүрге сай иықтарына шапан жабылды.
Ақсақалдың батасы мен аға буынның аманаты тоғысқан тағылымды кездесу елдік дәстүрді дәріптеп, ұрпақтар арасындағы рухани сабақтастықтың мәнін тағы бір айшықтады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз