Жаңалықтар
Әуезов университетінің ұжымы мен жастары Президент Жолдауын тыңдады
- Қаралды: 39
Бүгін Әуезов университетінің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен студенттері Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын тікелей эфирде бірге тыңдады.
Оқу орнының бірнеше локациясында арнайы трансляция орындары ұйымдастырылып, университет ұжымы ел дамуының басты бағыттарын айқындаған тарихи үндеуге баса назар аударды. Биылғы Жолдау «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» деп аталды.
Президент өз сөзінде еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі бағыттарына тоқталып, алдағы кезеңде атқарылуға тиіс міндеттерді белгіледі. Экономиканың негізгі көрсеткіштеріне назар аударып, Үкімет пен жауапты мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.
Жолдауда жас ұрпақтың болашағына ерекше мән берілді. Президент елдің ертеңін ойласақ, бүгін нақты әрі батыл қадамдар жасау қажеттігін атап өтті.
Мемлекет басшысы кейінгі буынға тек жоспарлар мен тұжырымдар емес, экономикасы қуатты, жоғары технологиялары дамыған, білім мен ғылымға негізделген, заң үстемдігі орныққан, жасампаз әрі бәсекеге қабілетті Қазақстанды қалдыру қажеттігін айтты.
Президент көтерген бұл мәселелер Әуезов университетінің оқытушылары мен студент жастары үшін де айрықша мәнге ие. Себебі білім мен ғылымды дамыту, жаңа технологияларды игеру, бәсекеге қабілетті ұрпақ қалыптастыру – жоғары білім беру саласының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз