Заң мен тәртіп: Әуезов университетінде мемлекеттік айыптау және соттағы прокурор қызметінің өзекті мәселелері талқыланды

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Мемлекеттік айыптауды жүзеге асырудың өзекті мәселелері және соттағы прокурор қызметінің тиімділігін арттыру» тақырыбында форум өтті.
 
Шымкент қаласының прокуратурасы мен Әуезов университеті бірлесіп ұйымдастырған кездесуге құқық қорғау органдарының өкілдері мен студенттер қатысты. Мектеп оқушылары мен колледж білім алушылары форумға бейнеконференц байланыс арқылы қосылды. Жиынды университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Ғани Бесбаев жүргізді.
 
Басқосуда мамандар мемлекеттік айыптауды жүзеге асыру, соттағы прокурор жұмысының тиімділігі, құқық бұзушылықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл мәселелерін ортаға салды. Әңгіме барысында прокурордың заңдылық пен әділдікті қамтамасыз етудегі рөлі, жастардың құқықтық сауатын көтеру және олардың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайту жайы да сөз болды.
 
Превенция және талдау әзірлемелері басқармасы басшысының орынбасары Камильхан Исмоилов, Шымкент қаласы Полиция департаментінің өкілі Бауыржан Карбеков және Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры Берік Бегалиев өз салалары бойынша ой бөлісіп, кәсіби тәжірибелерінен нақты мысалдар келтірді.
 
Ғани Бесбаев жастардың құқықтық сауатын арттыруда білім беру ұйымдарының орны ерекше екенін айтты. Оның сөзінше, университеттің міндеті – білікті маман даярлаумен қатар, заңды құрметтейтін, өз құқығы мен міндетін білетін, жауапкершілігі жоғары азамат қалыптастыру.
 
Кездесудің бір бөлігі нақты сот істеріне арналды. Қатысушылар шынайы оқиғалар негізінде әзірленген бейнематериалдарды көріп, құқық бұзушылықтың адам өміріне әкелетін салдары мен заң алдындағы жауапкершілік туралы мамандардың пікірін тыңдады.
Кездесу соңында жастар көкейіндегі сауалдарын қойып, мамандармен еркін пікір алмасты.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.