Университет ғалымдарының жобасы – халықаралық форумда қызығушылық тудырды

 23 қазанда Душанбе қаласында «Геонауки Центральной Азии – 2026» халықаралық форумы өтті. Форумға Әуезов университетінің жас ғалымдары Артықбаев Дархан Жақсылықұлы мен Құттыбай Мұса Талғатұлы арнайы шақыртумен қатысып, «Сейсмикалық әсердің бағытын ескере отырып, үйінді құрылыстар еңістерінің тұрақтылығын бағалау» тақырыбында ғылыми баяндама жасады.
 
Баяндамада сейсмикалық толқынның түсу бұрышының үйінді еңістерінің тұрақтылығына әсерін бағалауға арналған жаңа ғылыми тәсілдер ұсынылып, форум қатысушыларының қызығушылығын тудырды.
 
Форум қорытындысы бойынша Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия және Қытай ғалымдарымен бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, гранттық бағдарламаларға қатысу және академиялық ұтқырлықты дамыту бағытында уағдаластықтарға қол жеткізілді.
 
Бұл – Әуезов университеті ғалымдарының ғылыми әлеуетін халықаралық деңгейде танытып, жаңа ғылыми серіктестіктерге жол ашқан маңызды қадам!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.