Ту көтеру рәсіміне Әуезов университетінің студенттері де қатысты

Image
 Республика күні – еліміздің мемлекеттілігін айқындайтын, ұлттық бірлік пен елдік рухты дәріптейтін ең маңызды мереке. Айтулы датаға орай Шымкент қаласында биіктігі 100 метрлік Көк туды көтеру рәсімі өтті.
 
Салтанатты іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков қатысып, елдік құндылықтарды ұлықтау мен отаншылдық рухты нығайтудың маңыздылығына тоқталды.
 
Бұл тағылымды шарада Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің студенттері де бой көрсетті. Тәуелсіздіктің басты нышаны – Көк байрақты ұлықтау рәсіміне белсене атсалысқан “Әуезов жастары” ерекше отаншылдық рух пен елге деген құрметтің шынайы үлгісін көрсетті.
 
Еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы, бірлігі бекем, болашағы жарқын болсын!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.