Cтудентіміз – Қазақстан чемпионатының жүлдегері!

Тараз қаласында өткен кикбоксингтен ҚР чемпионатында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің студенті Сырым Шайзадаев жүлдегер атанды.
Елдің түкпір-түкпірінен жиналған үздік спортшылар бас қосқан дүбірлі додада Сырым 63 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, өзінің шеберлігі мен жоғары дайындығын көрсетті. Қарсыластарына лайықты қарсылық танытып, әр жекпе-жекте жеңіске деген жігері мен табандылығын дәлелдеді. Айтып өтейік, Сырым Шайзадаев бұған дейін де халықаралық жарыстарда топ жарып,  өз шеберлігін талай мәрте дәлелдеген.
Ал Қазақстан чемпионаты спортшылардың кәсіби деңгейін саралап, шеберлігін шыңдайтын маңызды жарыстардың бірі. Мұндай бәсекеде жүлдегер атану – тынымсыз жаттығудың, тәртіп пен төзімділіктің және спортқа деген адалдықтың нәтижесі.
Жас спортшының жетістігі білім мен спортты қатар алып жүрген студенттерге үлгі болары сөзсіз.
Университет ұжымы Сырым Шайзадаевты айтулы жетістігімен құттықтап, алдағы жарыстарда толағай табыс, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейді!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.