Республика күні құтты болсын!

Құрметті Әуезов университетінің оқытушы-профессорлар құрамы, қызметкерлері, студенттері мен ардагерлері!
 
Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 25 қазанда қабылданған Егемендік декларациясы біздің бостандығымыз бен бірлігіміздің негізін қалады. Бүгінде мемлекетіміздің басты күші құрғақ ұрандарда емес, сапалы білімде, озық ғылымда және адал еңбекте екені анық.
 
Әуезов университеті ел болашағы үшін білімді де білікті нағыз мамандар даярлау жолында аянбай еңбек етіп келеді. Қара шаңырақтың әрбір ғылыми жетістігі мен білімдегі табысы Отанымыздың өркендеуіне қосылған үлкен үлес деп білеміз.
 
Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық және игі істеріңізге толағай табыстар тілейміз.
 
Азат еліміздің аспанында көк байрағымыз мәңгі желбірей берсін! Қазақстанның мәртебесі биік, болашағы жарқын болсын!
Image

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.