Жаңалықтар
Шыршықта Республика күніне арналған халықаралық конференция өтті
- Қаралды: 17
25 қазан – Республика күні. Осыған орай Әуезов университетінің Шыршықтағы филиалында «Қазақстан Республикасы күні: тарих, тағылым және ғылыми жетістіктер» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.
Оған Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжанов, Шыршық мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Ғафуржан Мұхамедов, Әуезов университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Мұхтар Төлеген және Өзбекстан Республикалық қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы Серікбай Усенов қатысып, бұл күннің тарихи маңызына кеңінен тоқталды.
«1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация – еліміздің Тәуелсіздікке жасаған алғашқы әрі маңызды қадамы. Тағдырлас қос бауырлас халық бодандықтан бостандыққа бірге ұмтылып, өз елдігін қалыптастыру жолында ортақ ұлы мұратты көздеді. Достастық елдеріне Тәуелсіздік оңай келген жоқ. Сондықтан егемендігіміз бен мемлекеттік нышандарымызды қастерлеп, бағалауымыз керек»,-деді Ералы Тоғжанов.
Ал университтің Басқарма Төрағасы - ректоры Мұхтар Төлеген маңызды күннің айшықты оқиғаларын, бейбіт замандағы жасалынып жатқан жағдайды студенттерге жеткізе айтты. «Өйткені біздің еліміздің болашағы – білімді жастардың қолында», - деді ол.
Жиында Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынастарын нығайтуға, соның ішінде ғылым мен білім беру кеңістігін интеграциялауға қосқан айрықша үлесі үшін Елші Ералы Тоғжановқа Auezov University-дің «Құрметті профессоры» атағы берілді. Сондай-ақ қос халықтың рухани әрі ғылыми байланысын дамытуға еңбек сіңірген бірқатар ғалымдарды да арнайы марапатталды.
Сонымен қатар білім ордасының табалдырығын алғаш аттаған бірінші курстарға «Студенттер қатарына қабылдау» рәсімі өтті. Болашақ мамандарға студенттік билеттер мен университеттің символикалық кілтін табыстады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз